Қармақшыда үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті

Форумның мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүейектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы «Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы», яғни Халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға белсенді қатысып, «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» Жолдауындағы міндеттерді орындауға үкіметтік емес ұйымдарды белсенді қатысуға шақыру және ауылдық елді мекендердегі қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру.
Форумға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қаюпов, Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының төрайымы Анар Ізден, Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының Қазалы ауданы бойынша өкілі Шынар Женсикбаева, Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Баймаханова, Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самат Смағұлов және ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, Қармақшы ауданындағы ҮЕҰ-дың жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Форум Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталып, әрі қарай облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Р.Қаюпов алғы сөз сөйлеп форум жұмысына сәттілік тіледі.


Форум соңында қатысушылар жоғарыда айтылған мәселелерді талқылап, ұсынымдар қабылдады.
Әрі қарай форум жұмысы «ЕРІКТІЛЕР БАСТАМАСЫ: ДАМУ. МОТИВАЦИЯ. ТӘЖІРИБЕ» тақырыбындағы сұхбат алаңымен жалғасты.
Сұхбат алаңына аудандық агро-техникалық колледжінің оқытушы шебері, аудандық жастар мәслихатының депутаты, блогер Азиз Досболов, аудандық орталық аурухананың медбикесі, аудандық жастар мәслихатының депутаты Назерке Пірманова, №121 орта мектеп директорының ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары Ғалымжан Кәрібаев, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этносаралық қатынастар жөніндегі Қармақшы ауданы бойынша сарапшысы Ақтолқын Нұрмағамбетова қатысып, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХЫНАН. ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ», «АЗМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ: ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ ЖӘНЕ ІС ЖҮЗІНДЕ», «ӘРБІР АЗМАТТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ» тақырыптарында сұхбат жүргізілді.
Сұхбат барысында қатысушылардың ұсыныс пікірлері тыңдалып, тұщымды жауаптар берілді.
Пікір 2