» » АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕТІГІ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕТІГІ

Жуырда Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында VІІІ азаматтық форум өтті. Оған облыстан 28 делегат қатысты. Делегацияны облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Маханов, сондай-ақ «Азаматтық альянс» қауымдастығының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің төрағасы Жандос Базартайлар бастап барды. Осы топта «Азаматтық альянс» қауымдастығының Қармақшы ауданындағы өкілдігінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев те болған-ды.


Бүгінде ауданда 52 үкіметтік емес ұйым болса, оның 38-і белсенді жұмыс істеуде. Соның бірі – Ж.Жәкеев төрағалық ететін Жосалы кенті ардагерлер кеңесі.

– Астана қаласы бұрынғыдан да гүлдене түскен. Бір-біріне ұқсамайтын  зәулім ғимараттар көздің жауын алады. Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту, азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында өткен айтулы шара «Мен сенемін» атты конференциямен шымылдығын түрді. Онда «Қазақстан Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылбек Қожахметов, Қоғамдық даму министрі Дархан Калетаевтар форумның маңыздылығына тоқталды. Бәрінен де форумның пленарлық отырысына  Мемлекет басшысының қатысуы маған қатты әсер қалдырды. «Соңғы уақытта кәсіпкерлердің қайырымдылыққа көңіл бөлуі қуантады. Қазақстанда жетім балалар үйі болмауы тиіс. Біздің балаларымыз мұхиттың арғы жағындағы елге барып, бізге бөтен болмауы қажет. Бір немесе үш баласы бар адам  тағы бір баланы асырап алса, ол тек қана жақсылыққа ие болады деп сенемін», – деді Елбасы. Бұл – еліміздегі үлкен мәселенің бірі. Қазақ халқы ешқашан жетімі мен жесірін жылатпаған. Президенттің мұндай ұсыныс білдіруі – оның кемеңгерлігі. Бұл ұсынысты Қазақстан халқы қолдайтынына күмәнім жоқ. Қуанарлығы – форумда бірнеше әлеуметтік жоба жеңімпаз атанса, олардың қатарында Сыр елінің екі бірдей үкіметтік емес ұйымы «Дені сау ұлт – гүлденген Қазақстан» номинациясын қанжығасына байлады, – дейді Жақсыбай Малбағарұлы.   
    
Азаматтық қоғамды дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл тұрғыда Елбасы үкіметтік емес ұйымдарға жан-жақты қолдау білдіріп, өркенді іске кәсіпкерлердің  бір жеңнен қол, бір жаға­дан бас шығаруға атсалысу керектігін атап өтті.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
19 желтоқсан 2018 ж. 985 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031