» » Елордада Азаматтық бастамалар орталығының жаңа кеңсесі ашылды

Елордада Азаматтық бастамалар орталығының жаңа кеңсесі ашылды

Бүгін елордада мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Азаматтық бастамалар орталығының жаңа кеңсесі ашылды. Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау кеңсесіне барған қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жаңа орталықтың жұмысымен танысты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады baq.kz


Орталық үкіметтік емес ұйымдардың дамуы мен нығаюына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде елорда тұрғындарын қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелеріне бей-жай қарамауына алып келеді. Қала әкімінің тапсырмасына бойынша жыл сайын біз өзекті жобалардың саны мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемін ұлғайтатын боламыз, – деді әкімнің орынбасары.
Аталмыш жобаны "КАМЕДА" қоғамдық қоры іске асырды. Орталықтың аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Онда тренинг залы, шеберлік-кластарға арналған бөлме, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері үшін жұмыс кабинеттері бар. Қоғамдық бірлестіктер үшін өтеусіз негізде әлеуметтік іс-шаралар өткізуге зал ұсынылады.
Орталықтың басты міндеті – азаматтық бастамаларды, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдар жұмысын қолдау. Аталмыш мекемеде қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне әдістемелік, консультациялық көмек көрсетілетін болады, – деп мәлім етті баспасөз қызметі.
Орталық елордалық ҮЕҰ өкілдері тарапынан түсетін өтінімдер санын арттыруды көздейді.
Сондай-ақ, мекеме үкіметтік емес ұйымдарға жобаларды қаржыландыру мен рәсімдеуге қолдау көрсету үшін гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алуға жәрдемдеседі.
07 ақпан 2020 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 189

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 306

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930