» » Сенатта азаматтық қоғамды дамыту заңнамасын жетілдіру мәселесі қаралды

Сенатта азаматтық қоғамды дамыту заңнамасын жетілдіру мәселесі қаралды


Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов экономиканың, саясаттың және қоғамдық сананың жаңғыруы жағдайында азаматтық қоғам институттарының рөлі арта түскенін атап өтті.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы үнқатысу тетігі ретінде құрылған қоғамдық кеңестердің рөліне тоқталды. Бұл мемлекеттік емес институтаттар мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың айқындығын арттыруға арналған. Баяндамашының айтуынша, азаматтық қоғамды басқаруға қатысу деңгейін арттыру үшін қоғамдық келісімдердің, қоғамдық бақылау жүйесінің қызметін одан әрі жетілдіру керек», деді С.Громов.
Сенат Төрағасының орынбасары билік органдарын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне көтерілуге шақырды, ол идеялар мен азаматтық бастамалардың күш-қуатын елдегі өткір мәселелерді шешуге пайдалануға мүмкіндік береді. Оның айтуынша, Әлеуметтік бастамаларды іске асыруда, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда мемлекет пен бизнестің үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін орнықты құқықтық негіз жасалуы тиіс. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қызметіндегі жобалардың, бағдарламалардың нәтижелері мен әсерлерімен қоса әлеуметтік-экономикалық ықпалына да баға берілуі тиіс.
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі ретінде біздің басты құндылықтарымыз болып отырған азаматтық әлемді, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді атағанын еске салды. Мемлекет тұрақтылықты сақтау, еліміздегі конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде нақты шаралар қабылдады. Қазақстанда ресми тіркелген мемлекеттік емес ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасалған. Сенатор сонымен бірге қазіргі кезде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнама жетілдіруді талап ететінін атап өтті.
«Мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдарды қолдауы азаматтық сектордың әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге қатысуының тиімділігін арттыруға ықпал ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Қосымша мемлекеттік құрылымдар жасағанша мемлекетке өз тарапынан айқын, нақты және бақыланатын міндеттемелерді айырбастайтын мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдарға қаржы бөлу тиімдірек болуда», - деді Б.Әйтімова.
Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында дін істері және қоғамдық келісім министрі Нұрлан Ермекбаев сөз сөйледі.
Талқылауға дін істері және қоғамдық келісім министрінің орынбасары Абзал Нүкенов, «Аймақ» қоғамдық қорының президенті Айгүл Соловьева, Қарағанды обылысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті Зәуреш Батталова, Азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясының атқарушы директоры Жәмила Асанова және басқалар талқылауға қатысты.
Қазіргі кезде Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы пікірсайыс тақырыптарының біріне айналды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, қоғамдық кеңестердің міндеттері, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік әріптестігін нығайту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сапасын арттыру, үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөлу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Атамекен» бағдарламасын іске асыру туралы әңгіме өрбіді.
Дөңгелек үстел отырысында Парламент депутаттары мен басқа да қатысушылар талқыланып отырған тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. Азаматтық қоғамды дамыту және оның құқық қолдану тәжірибесі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру туралы нақты ұсыныстар айтылып, тиісті мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға жіберілетін болды.



01 наурыз 2018 ж. 1 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031