» » Шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалануға шақырамыз

Шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалануға шақырамыз

Құрметті тұтынушылар және кәсіпкерлік субъектілері!
Ел тұрғындары тауарлар мен қызметтерді күнделікті алады, және сонымен бірге олардың төмен сапасымен немесе жозықсыз сатушымен бетпе-бет кездеседі. Өкінішке орай, бұл тауар-ақша қатынастары шеңберінде тұтынушылардың құқықтары жиі бұзылған кезде орын алады.
2020 жылдың 25 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Аталған заңмен Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» Заңына толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда Заңмен 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарау процесін автоматтандыруға, оларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейінде жүйелендіруге және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
Аталған жүйені құру арқылы «бір терезелі» принципі бойынша барлық қорғаныс шаралары бірыңғай ретке келтіріліп, шағымды өңдеу мен уәкілетті органдарға жіберу процессі оңтайландырылды. Тұтынушылардың қолайлылығы үшін шағымның себебі мен қызметтің түріне байланысты Жүйеге шағымдардың типтік формалары орналастырылды.
Нәтижесінде, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар), ойын бастамашылары (ұйымдастырушылары), тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар), заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын және заң көмегін көрсететін заң консультанттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тұлғалар, тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері, мемлекеттік органдар Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне тұтынушылардың қаралған өтініштерінің нәтижелері, сондай-ақ оларды қараудан бас тарту себептері туралы барлық ақпаратты уақытылы енгізіп отыратын болады.
Е-tutynushy.kz сайтында ұялы телефон немесе компьютер арқылы әр тұрғын өзінің бұзылған құқықтары туралы мәлімдей алады.
Әрбір сауда ұйымына QR-код түрінде көрнекті жерде көрсетілетін бірегей айқындауыш тағайындалады. Мысалы, дүкеннің кіретін есігінде немесе тауар сатылатын жерде. Егер сатып алушы оның құқықтары бұзылды деп санаса, QR-кодты сканерлеп, жүйеге кіреді және сатушыға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестігіне және мемлекеттік мекемеге шағым жіберуге мүмкіндік алады.
Мемлекеттік мекемеге жолдама берілген жағдайда, цифрлық жүйе автоматты түрде қай мекемеге бұл шағымды жіберуі керек екенін анықтайды. Тұтынушыға адресат, үндеуді қарайтын адам, содан кейін қарау нәтижелері көрсетіледі.
Сатушы да оған шағым түскенін көреді. Бұл дауды бірінші сатыда сыртқы тараптардың қатысуынсыз шешуге мүмкіндік береді, бұл кәсіпкерлер үшін де, тұтынушылар үшін де әлдеқайда тиімді, соңымен қатар бүл жүйені пайдалану арқылы тұтынушы мен сатушының уақытын үнемдеуге жол ашады.
Кәсіпкерлер үшін бұл тауарлардың, қызметтердің және тұтынушыларға қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға түрткі болады. Мемлекет үшін мұндай шағымдарды жинау мен өңдеудің біртұтас жүйесі елдегі тұтынушылар шағымдарының барлық түрлеріне ауқымды талдау жасауға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жаңартуға және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Жүйенің автоматтандырылуы тұтынушы үшін қолындағы ұялы телефонмен мобилді қосымша арқылы тиісті органдарға шағымның тез, әрі жылдам жолдануына және мәселенің тез шешілуіне ықпал ететін болады.
Қорыта келе, кез келген тұтынушы Е-tutynushy.kz интернет веб-парақшасына компьютер немесе телефон мобилдік қосымшасы арқылы кіріп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбындағы өз өтініштерін жолдауларына болатындығын назарларыңызға саламыз.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!
13 тамыз 2024 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 286

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 381

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930