» » Тұтынушылардың құқықтары қорғалуда

Тұтынушылардың құқықтары қорғалуда

Өңірдегі тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жыл басынан бері 51 өтініш түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді.

Аталған арыздардың басым бөлігі бөлшек сауда, көлік және коммуналдық қызметтер, интернет саудасына байланысты жолданған. Шағымдардың 36-сы қанағатандырылыпты. Нәтижесінде тұтынушыларға 839 150 теңге көлемінде қаражат қайтарылған.

- Бізге келген азаматқа өз құқықтарын түсіндіріп, жазбаша түрде өтініш қабылдап аламыз. Содан кейін заңға сәйкес кімнің дұрыс-бұрыс екенін анықтаймыз. Ары қарай нақты іс-қимылға көшіп, азаматтардың тұтынушылық құқығын қорғаймыз, - деді Ерқасым Жайбергенұлы.

Айта кетейік, биылдан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс жасауда. Аталған жүйе тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарау процесін автоматтандыруға, есепке алуға арналған. Кез келген тұтынушы www.e-tutynushy.kz сайтына кіріп, өтініш бере алады.
09 сәуір 2021 ж. 831 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 394
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 241

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728