» » ОБЛЫСТА КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТАРИФТЕР ТӨМЕНДЕУДЕ

ОБЛЫСТА КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТАРИФТЕР ТӨМЕНДЕУДЕ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенова мәлімдеді.

Қызылорда облысында 12 қызмет түрі бойынша 7 субъектінің тарифтері төмендетілді. Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Қызылордажылуэлектроорталығы» МКК-ның жылу бағасы 1,2% төмендетіліп, уақытша өтемдік тариф енгізілді. «Энергосервис» ЕЖШС-нің электрмен жабдықтау қызметінің орташа бағасы 3,6 % төмендетілді.

Сонымен бірге, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қызылорда су жүйесі» және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның қызметтерінің тарифтері төмендейді.

Мәселен, «Қызылорда су жүйесі» МКК бойынша тұрғындар үшін ҚҚС-мен текше метрге: Сумен жабдықтау қызметіне – 22,6 % (61,20 теңгеден 47,31 теңгеге); сарқынды суды бұру қызметіне – 11,4 % (60,56 теңгеден 53,66 теңгеге). Ал, «Қызылорда су жүйесі МКК-ның және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның тарифтерінің төмендеуінің негізгі себебі инвестициялық бағдарламаға төмендету жағына қарай енгізілген түзету болып табылады», - деді Гүлмира Сейітбекқызы.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдардың электрмен қызметінің түпкілікті тарифі 0,2 %-дан 0,8 % -ға дейін 1кВт/сағатқа төмендейтін болады.

Тарифтерді төмендету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұтынушылардың үнемдейтін қаржысы шамамен 5,5 млрд теңгені құрады.

29 желтоқсан 2018 ж. 947 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 05:05
Baclofene Nouvel Observateur Viagra Donde Se Compra Medicamento Llamado Cialis levitra occasion en baisse Keflex Side Effects In Dogs Celis Pills

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728