» » Тұтынушылардың құқығын қорғайтын бірыңғай ұйым құрылады

Тұтынушылардың құқығын қорғайтын бірыңғай ұйым құрылады

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.


Оның айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық нормаларды жетілдіру мақсатында комитет заңнамаға өзгерістердің 2-ші топтамасының тұжырымдама жобасын әзірлеген. Құжат осы жылдың маусым айында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің бірінші отырысында талқыланып, Ашық НҚА порталында жария талқылау үшін орналастырылған.
«Заңның (Тұтынушылар құқығын қорғау туралы Заң) 2-ші топтамасы қажетті түзетулерді қарастырады. Атап айтқанда, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірыңғай жалпыұлттық коммерциялық емес ұйымның жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз қалау ұсынылады. Бұл еліміздегі барлық үкіметтікемес ұйымдарды біріктіріп, нығайтады. Екіншіден, тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу жоспарлануда. Ол халық пен қоғамдық бірлестіктердің дауысы болады», деді комитет басшысы.
11 қазан 2021 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 218
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031