» » Қазақстандық тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында омбудсмен институты құрылады

Қазақстандық тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында омбудсмен институты құрылады

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Primeminister.kz басылымы мәліметінше, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы заңнамаға түзетулер негізінде Үкімет жанынан ведомствоаралық кеңес құрылды және тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.
“2021 жылғы 1 қаңтардан бастап "бір терезе" қағидасы (e-tutynushy) бойынша тұтынушылардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілді. Жыл сайын тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері өсуде”, – дейді ҚР премьер-Министрінің баспасөз қызметінде.
Мәселен, сауда және интеграция министрлігі 2019 жылы 6 мыңға жуық, 2020 жылы 20 мыңнан астам, соңғы 10 айда 21 мыңнан астам өтінішті қарады. Тұтынушыларды көбіне Тұрғын үй кешені, бөлшек сауда, медициналық, туристік қызметтер, байланыс және көлік мәселелері алаңдатады.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жобасы аясында Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институты енгізіледі.
Премьер-министр Асқар Мамин бұл институт экономиканы дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
“Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру адал және бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың индикаторы болатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттырумен тығыз байланысты. Өз құқықтарына сенімді тұтынушылар сапалы тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге белсенді сұранысты қамтамасыз етеді. Бұл экономиканың дамуына ықпал етеді”, – дейді Асқар Мамин.
23 қараша 2021 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728