» » Тұтынушы құқығы заңмен қорғалды

Тұтынушы құқығы заңмен қорғалды


Биыл аймақта тұтынушылардың құқығы бұзылу өткен жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға артқан. Жалпы, 7 ай көлемінде 199 өтініш келіп түскен. Келген шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда саласына қатысты. Дегенмен, өтініштердің барлығы есепке алынып, тұтынушылардың қаражаттары қайтарылып, құқықтары заңмен қорғалды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов тереңірек тарқатты.

- Жалпы тұтынушыларға барлығы 3,1 миллион теңгенің қаражаты қайтарылуына ықпал жасалды. Сонымен қатар, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының жобасына ілеспе «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді. Қазіргі таңда Заң жобасы мәжіліске жолданды, - деді Ерқасым Жайбергенұлы.

Айта кетейік, жаңа Заң жобасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізуді ұсынумен ерекшеленеді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 тамыз 2023 ж. 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930