» » 50-ге жуық тұтынушының құқығы қорғалды

50-ге жуық тұтынушының құқығы қорғалды


Жыл басынан бері өңірде 50-ге жуық тұтынушының құқығы қорғалып, 800 мың теңгеден астам қаржы толық қайтарылған. Тұтынушылардан келіп түскен арыз-шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда мен сапасыз тауарлардың нарықта сатылуына тікелей қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді.
-Әр жыл сайын 15 наурыз – дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күні ретінде аталып өтеді. Биыл бұл күн «Таза энергияға көшу арқылы тұтынушылардың мүмкіндіктерін кеңейту» ұранымен белгіленді. Өздеріңіз білетіндей, біздің департамент тұтынушылардың құқықтарын бекітілген заң арқылы қорғайды. Яғни, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңында сатып алушылардың нақты құқықтары бекітілген. Аталған Заң сатып алушылардың тауарларды иеленуге еркін шарт жасасуға, тауар туралы ақпарат алуға, қауіпсіз заттарды сатып алуға, денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды толық көлемде өтеуге байланысты құқықтары қарастырылған. Бұл ретте тұтынушыны нарықтық қатынастарда барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыратындығын атап өткен жөн, - деді департамент басшысы Ерқасым Жайбергенұлы.

Қазіргі таңда азаматтар интернет арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы тауарларды сатып алу және оны төлеу кезінде алаяқтарға жиі тап болып жатады. Осыған байланысты, қазіргі таңда ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы әзірленуде. Тұтастай алғанда, сатып алушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға ұсынылатын түзетулер әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже бермек.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

14 наурыз 2023 ж. 284 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031