» » Жұмысы жүйелі, ісі тиянақты

Жұмысы жүйелі, ісі тиянақты

Қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев «Жастарға» деген өлеңінде: «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!» деп ұрпаққа үлкен сенім артқан жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады. Болашақта еліміздің қожасы да, иесі де – бүгінгі жас буын.
Халықаралық жастар мерекесіне орай ауданымыздағы сан-саладағы еңбек етіп жүрген белсенді жастарды газетке жазуды жөн көрдік. Жұмысыңды жақсы көру сөзбен айтып жеткізе алмайтын ерекше құбылыс. Одан оңайлықпен ажырай алмайсыз. Күнкөріс үшін емес, жан дүниесімен беріліп, жұмысын ерекше ықыласпен атқаратын жанның бірі – Еркебұлан Мешітбаев.
Ол аудандағы Ү.Томанов атындағы No183 орта мектептің түлегі. 2006-2010 жылдар аралығында Алматыдағы Орталық Азия университетінде «қаржы» мамандығы бойынша білім алады. 2011- 2012 жылы ҚР Қарулы күштері қатарында Алматы облысы, Сарыөзек ауданында «Ракета әскері және артиллерия» бөлімінде әскери борышын өтейді. Еңбек жолын 2014 жылы «ППС Ойл Трейд» ЖШС компаниясында оператор қызметінен бастайды. Мұнан соң аудандық жұмыспен қамту орталығы мекемесінде ақылы қоғамдық жұмыс істейді. Кейіннен аудандық жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде ассистент қызметін атқарады. Ол бүгінде аудандық «Мансап» орталығының маманы болып еңбек етеді.
– «Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Жастар – қашанда тың идеяның қайнар көзі, оң өзгерістің қозғаушы күші. Еліміз егемендік алған сәттен бастап жастар саясатын мемлекеттің басым бағыты ретінде белгілеген. Болашағын бағамдайтын жастарға артылар сенім де көп. Адам қандай еңбекті жасаса да өзінің ынта-жігерімен және үлкен құлшыныспен атқара білсе, оның жемісін көрері сөзсіз. Сол себепті де жастық шақта адам өзінің қалауына ден қойғаны дұрыс, – дейді кейіпкеріміз.
Әріптестері Еркебұланның жұмысына тиянақты, ұқыпты, жауапкершілігі мол, ұжым арасында сыйлы, білгенін үйретуден шаршамайтын еңбек озаты екенін айтады. Өз міндетін жауапкершілікпен, тиянақтылықпен атқарғаны үшін аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек деп жатамыз. Соның бірі – мамандық таңдау. Екіншісі – жар таңдау. Еркебұлан Кеңшілікұлы екі таңдауынан да шатаспаған. Мамандығына деген сүйіспеншілігі мен жарына деген адалдығы оның өмірлік жолындағы үлкен жетістігі деп ұғындық.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
13 тамыз 2024 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 287

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 382

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930