» » Жастарды қолдаудың жаңа бағыты

Жастарды қолдаудың жаңа бағыты

Қазақ қоғамында әр буынның өз орны бар. Әсіресе келер келешегіміз, болар болашағымыз деп жастарға үлкен үмітпен қараймыз. Отбасында немесе қоғамда болсын, алдыңғы буын ағалардың асыл аманатын арқалап, өзінен кейінгі өскелең ұрпаққа өзгеріссіз қалдыру жүгі жастардың мойнында екені анық.
Бүгінгі таңда жастарды қолдау жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Мемлекет тарапынан мейлінше мол мүмкіндік берілуде. Соның бірқатары Президенттің жуырдағы Жолдауында да айтылды. "Жастарға жан-жақты қолдау көрсету-мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шара арқылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді" деді мемлекет басшысы Жолдауында. Ел болашағы жастардың қолында.
Ақиық ақын Мағжан Жұмабаев "Мен жастарға сенемін" деп жырлағандай жастар болашағына біз де үлкен сенім артамыз. Жалпы Жолдауда бұдан басқа да өзекті мәселелер қамтылған. Бәрі де дамушы қазақ елінің жарқын болашағы үшін жасалған қадамдар деп ойлаймыз. Алдашбай ахун ауылдық кітапханасында өткен дөңгелек үстелде кітапхананың тұрақты оқырмандары Жолдауда көтерілген бастамалар жөнінде пікірлерін айтып, өз қолдауларын білдірді.
18 қыркүйек 2022 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031