» » Көңілден шыққан жолдау

Көңілден шыққан жолдау

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялады.
Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдай келе мазмұнының өзектілігін атап өткім келеді. Жолдау барлық қазақстандықтарға қатысты екені сөзсіз.
Елімізде болып жатқан саяси жаңғырулар енді экономикалық өзгерістерге ұласпақ. Президентіміз өз Жолдауында экономикалық дамудың нақты бес бағдарын айқындап, даңғыл жол көрсетті.
Жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, стратегиялық инвестиция, Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, Заң мен тәртіп – Жаңа Қазақстанның бес тұғырына айналмақ. Олардың ішінде «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгерту көзделіп отыр. Сондай-ақ Президент мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнататынын айтты. Жер және су ресурстарын сақтау – ұлттық қауіпсіздіктің басты міндеті екенін жеткізе отырып, осы ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде жоба жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Мұнымен бірге, білім, бала болашағы, табысты ұлт болудың сатыларына да кезекпен тоқталды. 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау қажет екендігін жеткізіп, Үкімет және әкімдіктерге мектеп салу міндеттерін жүктеді. Сонымен қатар, жастарға жан-жақты қолдау көрсету мәселесін көтерді. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс берілмек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау ретінде жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл жастарға үлкен көмек.
Қасым-Жомарт Кемелұлы бейбітшілік пен тұрақтылықтың мәнін терең түсінетіндігін білдірді. Президент бірліктен асатын құндылық жоқ екенін айта келе, қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз Жолдауының соңында биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді және Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды.
Нұрлан БЕЙБІТОВ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы
02 қыркүйек 2022 ж. 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 007

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031