» » Жастарға жігер қосты

Жастарға жігер қосты


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Онда осыған дейін жүзеге асқан дүниелер айтылып, алға жаңа мақсат-міндеттер қойылды. Президент айтқан және қабылдаған шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Сонымен бірге алға қойылған міндеттер соңына дейін іске асуы тиіс. Расымен, мемлекет соңғы уақытта әлеуметтік мәселелерге жиі көңіл аударып жатыр. Оның ішінде зейнетақы, жалақы мен түрлі жәрдемақы да бар. Ал әр Жолдауда жастар мәселесінің назардан тыс қалмауы бізді қуантады. «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі» деді Президент өз сөзінде. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал ететінін жеткізді. Отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өсетінін айтты ол.
«Отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өседі. Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, ол ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30 дан 100 пайызға дейін сараланады» деді Президент.
Сондай-ақ оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді. Әрі қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын күшейтеді.
 «Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ» деді Мемлекет басшысы. Жолдауда айтылған барлық мәселе оңтайлы шешім шығаруды күтетін дүние. Оның ішінде жыл сайын жастарға жасалып отырған мүмкіндікті мейлінше пайдалану – олардың болашағына оң бағыт берері кәміл.

Жолдас ИЛЬЯСОВ,
аудандық Жастар ресурстық орталығының
кадр инспекторы

01 қыркүйек 2022 ж. 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 158

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930