» » » Жастарды қолдау – болашаққа қамқорлық

Жастарды қолдау – болашаққа қамқорлық

БҮГІНГІ ЖАС - ЕРТЕҢГІ ЕЛ ТІЗГІНІН ҰСТАЙТЫН ТҰЛҒА.ОЛАР АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАР ІЗІН БАСАР, ІСІН ЖАЛҒАСТЫРАТЫН ТҰЛҒА ЕКЕНІ ДАУСЫЗ. ЖАСТАРДЫҢ БІЛІМДІ, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУЫ НЕГІЗГІ ШАРТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
АЛАШ АРЫСЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ:
"АРЫСТАНДАЙ АЙБАТТЫ, ЖОЛБАРЫСТАЙ ҚАЙРАТТЫ.
ҚЫРАНДАЙ КҮШТІ ҚАНАТТЫ,
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН" ДЕГЕНДЕЙ,
ЖАСТАРҒА ҚАЙ КЕЗДЕ ДЕ АРТЫЛАР ЖҮК АУЫР.
СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚОЛДАУҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ. ЕЛІМІЗДЕ 2019 ЖЫЛ ЖАСТАР ЖЫЛЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНЫП, ЖАСТАРДЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛУДА. ОСЫ РЕТТЕ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ ЖАЙЛЫ "ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" КММ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ИНДИРА ҚАБАТОВАНЫ СӨЗГЕ ТАРТҚАНБЫЗ.
– Индира ханым, облыстық Жастар ресурстық орталығы Байқоңыр қалалық бөлімінің басты мақсаты не?
– Мен қызмет ететін облыстық Жастар ресурстық орталығы Байқоңыр қалалық бөлімінің басты мақсаты – жұлдызды қалашық жастарының рухани, мәдени және әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық жұмыстар жасау, жалпы алғанда олардың тыныс-тіршілігіне қолдау көрсету болып табылады. Мен басқаратын жастар орталығындағы мамандар жастар саясатын жүргізуде еңбек етудеміз. Тағы бір айта кетерлік жайт, Жастар ресурстық орталығы Байқоңыр қалалық бөлімінің жұмысы ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметін қамтамасыз ету басқармасы, «AMANAT» партиясының Байқоңыр филиалы, Байқоңыр қаласы әкімдігінің мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасымен жақсы қарым-қатынаста түрлі іс-шараларды бірлесе ұйымдастырып, қаладағы ресейлік және қазақстандық жастар арасындағы достық қарым- қатынасты нығайтуда өз дәрежесінде жұмыстар істеуде.
– Жастар ресурстық орталығы бойынша тіркеуде тұрған Байқоңыр қаласы жастары туралы не айтасыз?
– Иә бүгінгі таңда бізде есепте тұратын байқоңырлық 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың әлеуметтік- демографиялық сипаттамасына тоқталсам, Байқоңыр қаласында жалпы халық 77387, оның ішінде Қазақстан азаматтары 39500, ал Ресей азаматтары 37887 адамды құрайды. Байқоңыр қаласында 14-29 жастағы жастар саны 9403 болса, оның ішінде ерлер 4887, ал әйелдер саны 4516. Сонымен бірге 18-28 жастағылар саны 6117. Жоғары оқу орнында оқитын жастар саны 861 болса, 1130 жас арнаулы орта оқу орнында оқиды, 13 жас шетелде, оның ішінде Ресейде оқитын азаматтар саны 7. Ресейге қарасты «Восход» Мәскеу авиациялық институтында оқитын 178 жас білім алуда болса, РФ қарасты «БЭРТТ» радиотехникалық техникумында оқитын жастар саны 389, РФ қарасты «Байқоңыр индустриалды техникумында» оқитын жастар саны 119, академик С.Жиенқұлов атындағы «Байқоңыр» колледжінде қазақстандық 302 студент арнайы білім алуда. Сонымен қатар, Қармақшы ауданы әкімдігіне қарасты жұмыспен қамту орталығында осы жылдың қаңтар айынан бастап тіркеуде 261 жас болса, "Жастар тәжірибесі" бағдарламасымен 119, қоғамдық жұмыспен 149, алғашқы жұмыс орны бағдарламасымен 11 адам қамтылған. Орталық арқылы әлеуметтік жұмыс орнына 13 адам жіберілген.
– Бөлімнің есепті кезең бойынша атқарған жұмыстары жайлы не айтасыз?
– Расында да есепті кезеңде бөлім бойынша нендей жұмыстар атқарылды? Осы сұрақ аясында атқарылған жұмыстар жайын сараласақ, жыл көлемінде бөлімше тарапынан ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдіктің пробация бөлімінде тіркеудегі жастарды түрлі, яғни спорттық және түрлі іс-шараларға қатыстыру арқылы пробация бөлімімен, жасөспірімдер инспекторларымен тығыз жұмыс істеудеміз. Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алып, сондай-ақ, олармен тақырып бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы олардың мезгілсіз уақыттарда жүрмеу бойынша түнгі рейд ұйымдастырылуда. Осы уақыт аралығында Байқоңыр қаласы жастар саясатын жүзеге асыруда, сонымен қатар оларға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында жыл басынан бері, нақтысын айтқанда түрлі бағытта 150-ге жуық іс-шара өткізілді. Әлеуметтік желілерде, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына 158 материал жарияланды. Оның ішінде ақ па раттандырылған іс-шаралар саны «Facebook» әлеумет тік желісінде 158, «Instagram» желісінде 158. Кеңес беру 34, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 20, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда 15, қайырымдылық 20, әлеуметтік іс-шаралар 25, жастарға арналған посттар 36. Жалпы қамту саны 5169 жас болды. «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімінің жанынан жыл басынан бастап волонтерлықты дамытуда Жастар парламенті құрылды. Сонымен қатар Байқоңыр қаласының ерекше статусына қарай ҚР жастары мен РФ жастары арасында достық қарым-қатынас орнату және ынтымақтастықты нығайтуда РФ «Мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт» басқармасына қарасты Жастардың бастамаларын қолдау орталығымен жастарға бейресми білім беру және бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін түрлі бағытта тренингтер мен іс-шаралар өткізілуде. Байқоңыр қаласында алғаш рет жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және оларды еңбекке баулуда «Жасыл ел» еңбек жасақтары бағдарламасы аясында маусымнан бастап бөлінген 150 квота бойынша 50 жас 1 маусымнан бастап жұмысқа тартылса, қалған 100 квота бойынша шілде және тамыз айларында жұмыс жасады.
– Ал енді өзіңіздің жеке өміріңіз жайлы қысқаша тоқталып өтсеңіз?
– Мен негізі Жалағаш ауданының тумасымын. Бірақ ата-анамның отбасылық жағдайымен Байқоңыр қаласына қоныс аударып, қаладағы No2 К.Циолковский атындағы орта мектебін бітірген соң 2006-2010 жылдары Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім. Ал 2011-2013 жылдары Байқоңыр қаласындағы Ресейге қарасты No25 «Солнышко» балабақшасында тәрбиеші, Байқоңыр қаласындағы «Космос» колледжінде кадр бөлімінің маманы және жалпы пәндер оқытушысы, Алматы қаласындағы «Еркемай» балабақшасында тәрбиеші және әдіскер, 2016-2019 жылдары Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімінде аға кеңесші, ал 2019 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімінің басшысы қызметін атқарудамын.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұқбаттасқан Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
11 қазан 2022 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930