» » «Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті» тақырыбында жастар форумы өтті

«Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті» тақырыбында жастар форумы өтті


Аудандық мәдениет үйінде «Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті» тақырыбында жастар форумы өтті. Форумға аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қатысып, жыл көлемінде өз салаларында белсенді жұмыс жасаған және жоғары жетістікке жеткен жастарды облыс әкімнің алғыс хаттарымен марапаттап, «QADAM» жастар сыйлығын табыстады.

Форумның ашылу салтанатымен құттықтаған аудан басшысы өз сөзінде: "Халқымыз ел келешегінің кемел, болашағының жарқын болуын үнемі жастармен байланыстырады. Осы орайда «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін», - деп қазақ зиялыларының арасында жастардың айбаты мен қайратына Мағжан Жұмабаев осылай баға берген еді. Міне, осыдан қанша жыл бұрын айтылған сөз бүгінде әрбір жастың жігерін жанып, кеудесіне үміт сәулесін ұялатып келеді. Бүгінде қоғамның әрбір саласында белсенді жастар жетерлік. Өзінің ауқымды жұмыстарымен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген жастар біздің өңірімізде де жетіп-артылады. Спортта да, мәдениет-білім сайыстарында да елді әлемге танытып жүргендердің басым бөлігі жастар. Олардың әрқайсысы өз ортасының көшбасшысы, қоғамда өзіндік орны қалыптасқан тұлғалар. Қазіргі таңда ауданымызда 16 мыңнан астам жас бар. Жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіру жолындағы маңызы зор шаралар, спорт және өнер үйірмелері тұрақты жұмыс жасауда. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар да ауданымызда тиісті деңгейде жүзеге асырылуда" - деді.


Расымен де ауданымызда қазіргі таңда жастар саясаты мен аудандағы түрлі салаларға еңбек етіп жүрген барша жастарға үлкен қолдаулар көрсетілуде. Бүгінгі форум жастардың жылжабар қорытынды кеші болды. Аудан басшысы жыл қорытындысымен белсенділік танытқан жастар Дәулетбаев Жасұлан Кеңесбекұлы, Мыржақов Әсет Тынымбекұлы, Қыдырбек Айжан Қыдырбекқызы, Бейбітов Нұрлан Ғазизбекұлы, Дүзенова Гүлжанат Өмірқызы, Рүстемова Алтынай, Сағынтай Ақнұр Ердүйсенқызы, Рахымжанов Жомарт Қыдырбекұлы, Далдиев Қайнар сияқты бірқатар үздік жас мамандарды марапаттады.

Ұлтымыздың дегдар болмысының қайнары – ұлттық құндылығымыздан сусындап, ең негізгі ұстаным рухани ізгіліктен ажырамай алға ұмтылу жастардың басты міндеті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 желтоқсан 2023 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930