» » Жігерлі жанға жол ашық

Жігерлі жанға жол ашық

Болашақ жастардың қолында. Себебі қазіргі жастар анағұрлым білімді, ақылды, барлық нәрсені таразыға салып саралай алатын жан-жақты болып келеді. Рас, бүгінгі өскелең ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу, қоғам өміріне де белсенділік танытады. Ауданымызда да мұндай жастардың қарасы қалың. Соның бірі – Анель Русланқызы.
Ол 2018 жылы кентіміздегі Т.Көмекбаев атындағы No250 мектеп-лицейін бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетіне оқуға түседі. Студент кезінде де қоғам өміріне белсене араласып, түрлі іс-шаралардың бел ортасында жүреді. Жанына жақын болған мамандығына әрдайым жанашырлық танытады. 2022 жылы аталған университеттің «кітапхана ісі» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтайды.
Оқуды тәмамдап келген соң аудандық орталық кітапханада «Жастар тәжірибесі» бойынша еңбек етеді. Қазірде осы кітапханада қоғамдық негізде жұмыс жасап жүр. Сөзге де, іске де мығым жасты сөзге тартып көріп едік.
– Адам өміріңдегі маңызды кезеңдердің бірі – жастық шақ. Бұл шақта адамның тұлға болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Әрбір адамның жас кезінде алған білімі, көрген фильмдері, оқыған кітабы, араласқан адамдары, ортасы, осының барлығы дерлік оның болашақта тұлға болып қалыптасуына жол ашады. Жастық шақ – мүмкіндіктерге толы уақыт. Жастық жігер асыл арманға жеткізеді. Сондықтан да осы жігерлі уақытты пайдаланып, ең алдымен оқуға көңіл бөлген жөн. Өйткені, біз үшін жас кездегі маңызды міндеттердің бірі ол – білім алу. Жақсы білім алып, сауатты болсақ, жарқын болашағымызға жол ашамыз және де бұл арқылы біздің санамызда үлкен арман, алға қойған мақсат пайда бола бастайды, – дейді жігерлі жас.
Иә, жастық шақ – бұл тәтті оймен таңды атырған жалындаған кез, нағыз мақсатыңды айқындап, армандарға қол созатын қайрат-жігер тасыған шақ. «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп жатады. Сол себепті осы бір кезеңді мейлінше болашақ өміріңізге пайда әкелетін іспен шұғылданған абзал.
– Егер біздің әрбіріміз осы шақта әлсіздік танытпасақ, ата-ана- мыз бізді ылғи мақтан тұтатын, қоғамда өзіндік орны бар азамат болып қалыптаса аламыз. Ата-ананың үмітін ақтап, жағымсыз қылықтан аулақ болып, тәрбиелі әрі инабатты, сондай-ақ, білімді азамат болу – әрбір жеткіншектің парызы деп ойлаймын. Өмір өткелінің тамаша шағында көңілің қалаған іспен айналысқанға не жетсін?! Спорт, өнер, тіл үйрену секілді пайдалы істерді де ұмытпау қажет. Уақыт – әрқашан адам баласы үшін қымбат қазына. Біз әрқашан оған тәуелді екенімізді естен шығармағанымыз жөн, – дейді Анель Русланқызы.
Расында қазір көп жас дамуға, ізденіске қарай бет бұрған. Себебі олар «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұранмен өмір сүреді. Ал бұл қуантарлық жағдай.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 тамыз 2024 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 288

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 383

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930