» » «Жасыл ел» – жастар тірегі

«Жасыл ел» – жастар тірегі

Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашақтағы қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Сондықтан да олардың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бұру дұрыс дүние. Жалпы қандай елде болсын азаматтарының, жастарының ел ісіне араласуы жақсы құбылыс.
Жастар саясатының негізгі міндетінің бірі – жастарды елжандылыққа тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту. Оны іске асыру мақсатында республика бойынша жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісшаралары да әзірленген. Соның бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы. Бұл жастарды еңбекке ерте араласуға үйретіп, өз еңбегімен табыс табуға мүмкіндік береді. Жоба 2005 жылдан бері жүзеге асып келе жатыр. Биыл бұл жобаның ХІХ маусымы. Елімізде осы жылы 33 мыңнан астам жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Оған әр өңірдегі 35-ке дейінгі азаматтар қатысуда. Олар осылайша өзінің тұрғылықты жерін көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады.
«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру – мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыты. Бағдарлама елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы жастарды жұмыспен қамтуды мақсат етеді. Сонымен қатар тек жұмыссыздық деңгейін төмендетіп қоймай, жастардың туған жерге, табиғатқа, Отанға деген патриоттық сезімін оятады. Бірге жұмыс істеген жастар өзара достық қарым-қатынастарын нығайтады.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Ауданымызда да бос уақыттарын тиімді өткізуге ниет білдірген жастардың саны аз емес. Жастар ресурстық орталығының мәліметінше, ауданға 3 айға 110 квота берілген. Бүгінде Жосалы кентінде 51 жас жұмыс істесе, Төретам кентінде – 3, Ақай ауылдық округінде 2 адам еңбек етуде. Жобаға қатысушы жастар көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, алаңдарда, саябақтарда абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. «Жасыл ел» жасақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септігін тигізуде.
– Бұл бағдарлама жастардың жазғы демалыстарын босқа өткізбей жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға мүмкіндік береді. Олар елімізді жасыл желекке айналдыруға, елді мекендерді абаттандыруға белсенді түрде атсалысып келеді. Жастар осындай жобалар арқылы өмірлік тəжірибе жинап қоймай, табыс тауып та үйренетіні белгілі. Бір жағынан бойларындағы жастық жалынын өлкені көгалдандыруға жұмсайды, – дейді жастар ресуртық орталығының мамандары.
«Бір тал кессең, он тал ек» деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек. Жасыл желек – жан саясы. Қай дамыған мемлекетті алып қарасаңыз да, жастардың белсенділігі өте жоғары екенін көріп, бар шаруа жастардың жұмыла қатысуымен бітетіні белгілі. Сондықтан да біз де еліміздің гүлденуі үшін, озық мемлекеттердің қатарынан орын алуы үшін бәріміз жұмыла жұмыс жасауымыз керек.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
12 шілде 2024 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 262

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930