» » «Жасылелдіктер» жұмысқа кірісті

«Жасылелдіктер» жұмысқа кірісті


Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Олардың жарқын болашағы үшін түрлі бағдарлама қолға алынып, игі істер атқарылуда.  Игілігі мол бағдарламаның бірі – «Жасыл ел». Бұл Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жалынды жастардың көмегімен құрылған бұл бағдарлама 16 жылдан бері жақсы нәтижелер көрсетуде.
Жалпы бағдарламаның негізгі мақсаты – жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, елді мекен айналасын жасыл ағаштармен көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге деген махаббатын, патриоттық сезімін ояту. Ең бастысы – жастардың бос уақытын еңбекпен, тиімді өткізуге баулу. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданы өскелең ұрпаққа ұғын­дырып, жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік те беріп отыр.
Бұл игілікті бағдарлама біздің ауданда да тиімді жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бас­тап «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша маусымдық жұмыстар басталып та кетті. Бағдарлама аясында маусым, шілде және тамыз айларында 100 жас уақытша жұмыспен қамтылады.
– Маусым айында жұмыс жасап жүрген «Жасыл елдік» сарбаздар екі топқа бөлініп көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Жастар «Жастар аллеясын» және «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақты қоқыстардан, арам шөптерден тазартуда. Әр жұма сайын сарбаздардың бастамасымен Сырдария өзенінің жағалауын қоқыстардан тазалау мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылуда. Мәселен, өткен жұма күні өткізілген акцияда 23 қап қоқыс жиналды. Сарбаздар бағдарлама аясындағы жұмыстардан бөлек, бос уақытты тиімді пайдалануға бағытталған іс-шараларға да белсенді қатысуда, – дейді «Жасыл ел» еңбек жасағының жетекшісі Айбек Жұмахмет.
Уақыт өткен сайын жалпыұлттық бастамаға үн қатып, қолдау білдіруші студенттердің, жалпы жастардың қатары артып келе жатқанын да тілге тиек етті. Қай дамыған мемлекетті алып қарасаңыз да, жастардың белсенділігі өте жоғары, бар шаруа жастардың жұмыла қатысуымен бітетіні белгілі. Сондықтан да еліміздің гүлденіп, одан әрі өркендеп, озық мемлекеттердің қатарынан орын алуында бұл бағдарламаның берері мол.
«Жасыл ел» жасақшыларының басым бөлігі студенттер. Олар оқудан бос уақытын тиімді өткізіп, өздеріне жаңа дос та тапқан. Көңілді ортамен араласып, қосымша қаражат тауып жүрген жастың бірі Әли Қараман. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 4-ші курс студенті. «Жасыл ел» жасақшысы болып жүргеніне биыл үшінші жыл.
– «Жасыл ел» – біз сияқты жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, оларды еңбексүйгіштікке тәрбиелейтін еліміздегі бірегей бағдарлама. Оқуын аяқтап, жазғы демалысқа шыққан жастарға адал ақша табудың бірден-бір жолы. Жұмыс айтарлықтай ауыр емес. Барлығымыз бір үйдің балаларындай берілген тапсырманы бірлесіп орындап тастаймыз. Жұмыс күні 8 сағаттық. Айлық уақытында төленеді. Әрі зейнетақы жарнасы жүреді. Жастардың осылай қоғам өміріне белсене араласқаны дұрыс. Сондай-ақ өзің ақша тауып, өз керегіңе жаратсаң, отбасың үшін де жеңілдік қой, – дейді Әли Әлиханұлы.
 Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА        
26 маусым 2021 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 264

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 363

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930