» » ҚАЙ ТОЛҚЫННЫҢ ДА ҚАРЫМЫ ҚАБІЛЕТІНДЕ

ҚАЙ ТОЛҚЫННЫҢ ДА ҚАРЫМЫ ҚАБІЛЕТІНДЕ

Қай кезде де жастар жалынды жігерімен, айрықша белсенділігімен қоғамның қозғаушы күші болған. «Жақсы жастан шығады» дейді атам қазақ. Жас буынның тау қопарар екпіні, толайым күш-қуаты мықты болса керек-ті. Ал, бүгінде жастардың орны қандай? Аудан жастары қоғамдық іс-шараларға белсене араласып жүр ме? Міне, осы сауалға жауап іздеу үшін аудандық «Жас­тар ресурстық орталығына» жол тарттық.
2016 жылдың қараша айынан бастап аудандық ішкі саясат бөлімінің жанынан «Қармақшы аудандық жас­тар рес­урстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, жастар ұйымының жұмысына жаңа серпіліс берді. Бүгінде орталықта 6 қызметкер жұмыс жасайды.
Ауданда 14-29 жас аралығындағы 12 342 жас тіркелген. Жалпы жастар өңірдегі халықтың 22,8 пайызын құрайды. Сондай-ақ, жұмыссыз жастар саны 395 жас болса, оның ішінде аудандық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше 283 жас, еш жерде тіркелмеген NEET санатындағы жастар саны 112-ні құрап отыр. Орталықтың тіркеу журналына сәйкес, түрлі мәселе бойынша 800-ге жуық жас қоғамдық қабылдауда болды. Кеңес берудің басым бөлігі кәсіпкерлікті дамыту, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Серпін-2050», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Жас құрылысшылар» сынды бағдарламалар мен жобалар бойынша еңбек жасағына жұмысқа орналасу секілді бағытта кеңес берілді. Оның ішінде, жұмыс сұрап келген жастар саны 200-ді құраса, кәсіпкерлікке 450 жас, 13 жас дипломы бар, ал 100 жас NEET санатына жататын жастар.
Сондай-ақ, «Жастар корпусын дамыту» жобасы бойынша ауданнан 27 жоба ұсынылып, оның 13-і жеңімпаз болып танылды. Аудан бойынша 13 жобаға 42 жас қатысуда. Соның ішінде, ауылшаруашылығы саласы – 3, ұлттық қолөнер – 5, балалар ойын-сауық орталығы – 2, тамақ өнімдері – 2, сән салоны – 1 жоба. Бүгінде жоба жеңімпаздары тиісті банкпен келісімшартқа отыру бойынша құжаттар рәсімдеуде. Жобаға қатысушыларға аудандық жастар ресурстық орталығынан материалдық техникалық базасын пайдалануға қолжетімді мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар, жобаларды дамыту және басқару бойынша менторлар арқылы нұсқаулықтар беріліп отыр.
Жастар арасында көшбасшылық, шешендік өнер, ораторлық шеберлікті дамыту мақсатында аудандық білім бөлімі, аграрлық техникалық колледжімен бірлесе отырып, «Дебат», «Жайдарман лигасы», «Оқушылар мәслихаты», «Жастар мәслихатын» ашуды, сонымен қатар аудан жастарының бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау үшін «Жас­тар үйі» ғимаратынан үстел теннисін, тоғыз құмалақ, шахмат ойындарымен қамтамасыз етуді жоспарға алған.
Жалпы, NEET және осал топтардағы жас­тармен жұмыс жасау, нысаналы топтармен адресті жұмыстарды күшейту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жастар ұйымдарымен бірлесе «Болашаққа бағар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау бағытында 23 түрлі бағытта, 17 спорттық шара, суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының бел­гісіне қарсы күрес пен нашақорлықтың алдын алу, тәр­тіп­сіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, өзге діни ағымдардың ықпалынан сақтау бағытында барлығы 14 акция, 23 кездесу, 13 рейд, 1 экскурсия ұйым­дастырылып, өткізілген шараларға 4000-ға жуық жас­тар тартылған.
Жазғы маусым кезінде туған жерді көркейту-көгалдандыру мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында студент және жұмыссыз 99 жас жұмыспен қамтылды. Алғашқы маусым айында 26 жас, шілде айында 43 жас жұмыс жасаса, тамыз айында 30 жас кентте орналасқан мөлтек аудандағы егілген ағаштарды күтіп баптау жұмысын жасады.
Жастармен тікелей жұмыс жүргізетін орталық идеяларды жүзеге асырып, жас таланттарды қолдаудан кенде емес. Олардың өзекті мәселесін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, аудан жастарының көпші­лігінің көңіл-күйі жағымды деп бағалаған. Бұл жастардың әлеуметтік сезіну деңгейінің және болашаққа сенімі жоғары екенін байқатады. Қоғамдық пікірді саралау нәтижесі көрсеткендей, аудан жастарының бүгінгі өмір сүруіне қанағаттану көрсеткіші жоғарылағандығы анықталды. Десе де, жастарды толғандыратын өзекті мәселенің бірі – жұмыссыздық әлі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді.
– Қазақстан егемендікке қол жеткізген уақыттан бері қоғамның қозғаушы күші жастарға ерекше қолдау көрсетіп келеді. Еліміздегі жастар саясатының жүйелі жұмыс істеуі үшін жастарға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарлама мен жоба жемісті жұмыс істеуде. Сол мемлекеттік бағдарламалардың толық орындалуын қадағалайтын және жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің бірі – аудандық Жастар ресурстық орталығы. Елбасының қашанда жастардың жағдайын жақсарту, олардың қоғамда өз орнын табуына қолдау көрсетуі бізге серпін береді. Осы ретте, мемлекет қамқорлығын сезініп, ғылыммен мықтап айналысамыз. Білімімізді жетілдіріп, ел игілігіне аянбай еңбек етеміз, – дейді аудандық жас­тар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Әділбек Мамыртайұлы.
Әрине, тізбектей берсек, атқарған іс те, жеткен жетістік те көп-ақ. Ең бастысы, аудандық жастар ресурстық орталығы қоғамның қозғаушы күші жастарды жұдырықтай жұмылдырып, еліміздің дамуына жол сілтейді деген ойдамыз.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
21 қыркүйек 2018 ж. 1 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031