» » Сала мамандарына құрмет көрсетілді

Сала мамандарына құрмет көрсетілді


Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбек су шаруашылығы қызметкерлері мен ветеринария саласы қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Биыл елімізде 10 шілде ресми «Ветеринария қызметкерлері күні» болып бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі ветеринария саласын жетілдіру мәселесіне айрықша назар аударған болатын. Экономиканың негізгі тірегі болып табылатын мал шаруашылығы саласында ветеринарияның маңызы зор. Жануарлардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етіп, одан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қадағалауда баға жетпес үлес қосатын ветеринар мамандардың еңбегі ұшан теңіз.

– Аймағымыздың тіршілік көзі – су болса, ауданға қарасты шаруашылықтарды тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отырған сала қызметкерлерініңде еңбегі ерен. Шаруаларды су тапшылығы алқымнан алған тұста Сырдың суын үлестіріп, жылдың төрт мезгілінде тынбай, су беру шаруасын ұқыптылықпен атқарып келесіздер. Жауапкершілік жүгін арқалаған сала майталмандары әркез құрметке лайық. Бүгінде стратегиялық маңызы бар сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймын деп, ауданның дамуына елеулі үлес қосып, табысты еңбек етіп келген сала үздіктерін аудан әкімінің "Алғыс хатымен" марапаттады.

14 шілде 2024 ж. 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930