» » Маңызды маман иесі

Маңызды маман иесі

«Мал-жаның аман ба?» деп бір-бірінің жағдайын малының амандығынан бастап сұрайтын әр қазақтың тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тікелей байланысты. Ал сол төрт түліктің денінің сау болуы бүкіл адамзаттың денсаулығы үшін де маңызды. «Медицина – адамды емдесе, ветеринария – адамзатты емдейді» демекші, елімізде ветеринария маңызды саланың бірі саналады.
Қазақстанда биылдан бастап 10 шілде ресми «Ветеринария қызметкерлері күні» болып бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында еліміздегі ветеринария саласын жетілдіру мәселесіне айрықша назар аударды. Жалпы ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешенінің дамуы сапалы ветеринариялық қызмет көрсетуге байланысты екені белгілі. Себебі мал ауырса ауыл шаруашылығы саласы шаш-етектен шығынға батып қана қоймайды, адамға да жұғып, халық өміріне қауіп төндіреді. Осындай сұранысқа ие мамандықты игеріп, қыр-сырын меңгеріп жүрген ветеринар дәрігердің бірі – Нұрдәулет Үміткәрімов. Ол 2018 жылдан бері аудандық ветеринария бөлімінде еңбек етіп келеді.
– Мамандығым бойынша Қызылорда, Шымкент қалаларында білім алдым. Бұл сала маған бөтен емес. Ата жолын жалғаған ұрпақтың бірімін. Себебі атам Үміткәрім Досымов ветеринария саласының ардагері. Саланың негізгі қызметі – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Жылына екі рет, көктемде және күзде біз ірі қара малдарға вакцина саламыз және қан талдамасын алып тұрамыз. Сонымен қатар малға сырға салып, паспортын дайындаймыз, – дейді білікті маман.
Адам емдейтін дәрігер бізге қандай қажет болса, мал дәрігері де тап солай ауыл шаруашылығы саласына аса қажетті мамандық. Әсіресе ғасырлар бойы атакәсіптен қол үзбеген қазақ халқы үшін бұл мамандық өте қадірлі. Өйткені ауыл халқы үшін төрт түлік адамның күш-қуаты болып саналады.
Нұрдәулет Нұрбекұлы жұмысына жанашыр, еңбекқор, жауапкершілігі мол жан. Жұмысында білгір маман болса, үйде сүйікті жар, балалардың қамқор әкесі. Бүгінде жары Закирамен бірге Айлин, Асылым есімді қызды тәрбиелеп отыр.
Ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы саласындағы ең маңызды мамандықтың бірі – мал дәрігері. Себебі сіздің қора-қора қойыңыз болса да, сол мал дәрігерлері қажетті екпелерді салмаса, жиып-терген дүниеңізден пайда көруіңіз екіталай. Иә, Нұрдәулет сияқты өз жұмысына ұқыптылықпен қарайтын жастар қоғамға пайдасын тигізетіні белгілі.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
13 шілде 2024 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (10335)

03 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30