» » Өңір тынысы – депутат назарында

Өңір тынысы – депутат назарында

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерге сапары басталды. ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен ауданда болып, бірнеше әлеуметтік нысанды аралады. Аудан әкімі Жандос Еркінбек жол бастап, алдымен Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» ықшам ауданына тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарту желілерінің құрылыс алаңына барды.
Биыл «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кенттегі «Тәуелсіздік» ықшам ауданына тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарту желілерінің құрылысына 699704 мың теңге нысаналы даму трансферті және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 79 840 мың теңге қаралды. Мердігер мекеме «Транс Азия Констракшн» ЖШС тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Жоба бойынша 42,5 шақырым газ құбырынан 40 шақырым газ құбыры тартылды және әр абонентке газ нүктесін шығару жұмыстары атқарылуда. Осы жұмыстармен бірге 5 ГРПШ орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта газ тарту құрылысы 7 техникамен қамтылып, 20 жұмысшы жұмыс істеуде.
Мәжіліс депутаты мердігер мекеменің өкіліне газ құбыры тарту желілерінің сапасын тиісті деңгейде және көрсетілген мерзімде аяқтау керектігін жеткізді.
Сонымен қатар халық қалаулысы Жосалы кентінде партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын көрді. Бұл бағыттағы жұмыстар жайында аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар баяндады.
Халық қалаулысының жұмыс сапары одан әрі «Руханият» орталығы құрылысында жалғасты. Барлық ауданда бой көтеретін нысанда музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі біріктіріледі. Тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды бір ортаға тоғыстырған алаңда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға арналған келелі жиындар өткізіледі. Типтік үлгідегі көпфункциялы ғимаратта экспонаттар мен құнды құжаттарды арнайы сақтау бөлмелері болады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Жыл соңына дейін аталмыш орталықты пайдалануға беру жоспарлануда.
Мұнан бөлек депутат «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында ауданда салынып жатқан құрылыс нысандарының бірі – III Интернационал ауылындағы денешынықтыру сауықтыру кешені құрылысымен танысты. Айта кетейік, өткен жылы кешеннің құрылыс жобасына ҚР Ұлттық қорынан құрылыс жұмыстарын бастауға 209,963 млн теңге бөлінген болатын, ал 2024 жылы ҚР Ұлттық қорынан 150 млн теңге бөлінді. Құрылыс нысаны биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Мәжіліс депутаты өз кезегінде ел игілігіне бағытталған жұмыстардың ең бірінші кезекте сапалы болуы қажеттілігін айтып, бөлінген мемлекет қаржысының уақытында игеріліп, мақсатты жұмсалуы керектігін жеткізді.
Халық қалаулысының ауданға сапары ары қарай Иіркөл ауылының тұрғындарымен кездесуімен жалғасты. Онда елдегі соңғы қабылданып жатқан заң жобаларын түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Фракция мүшесі сапардың мақсаты ауылдағы ағайынның жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылуын, сонымен бірге ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблемалық мәселелерді анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру екенін атап өтті.
Мәжіліс депутаттарымен жүздесуде ауыл тұрғындары Иіркөл және Төребай би елді мекендерін газдандыру, мал жайылымдық жер, зейнетақы, тағы басқа елдік мәселелерді көтерді. Халық қалаулысы өзекті мәселелерді назарға алып, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
«ҚТ» ақпарат
07 шілде 2024 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 297

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930