» » Шілде айы жаңбырлы болады деп күтілуде

Шілде айы жаңбырлы болады деп күтілуде


Синоптиктердің мәліметінше, шілде айы маусым айына қарағанда салқынырақ болмақ. Өткінші жаңбыр, найзағай екінші онкүндіктің басында және соңында, үшінші онкүндіктің басында және ортасында күтіледі. Жел 15-20 м/с, ал шаңды дауыл бір ай ішінде жиі болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Мағжан Сәдуақасов хабарлайды.

– Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде +13+18°С-тан +23+28°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +35+40, облыстың оңтүстігінде +43°С-қа дейін жоғарылайды деп болжанады. Екінші онкүндікте ауа температурасының түнде +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +36+41°С-тан +30+35°С-қа дейін төмендеуі болжанып отыр. Содан кейін ауа температурасының түнде +21+26°С-қа дейін, ал күндіз +36+41°С-қа дейін жоғарыламақ. Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде +16+21°С-тан +21+26°С-қа дейін, күндіз +31+36°С-тан +36+41°С-қа дейін ауытқуы күтіледі,- деді Мағжан Ғалымұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 шілде 2024 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728