» » Қызылордада қараша айының соңында ауа температурасы құбылмалы болады

Қызылордада қараша айының соңында ауа температурасы құбылмалы болады

Kyzylorda-news.kz.  Синоптиктердің болжамынша қараша айында ауа райының орташа температурасы 0,4+3,9 градус шамасында болады. Тиісінше, облыстың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Сондай-ақ, желдің екпіні 15-20 метр секундқа дейін күшейіп, қараша айының соңында ауа температурасы құбылмалы болады. 
Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазгидромет РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жөкелова хабарлады.
Қараша айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы күндіз +10+15 градусқа дейін, ал түнде 0+5 градус жылы ауа райы сақталады. Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде -1-6 градус, күндіз +2+7 градус шамасында болжанады. Ал үшінші онкүндікте түнде -4-9 градустан -2+3 градусқа дейін, күндіз -1+4 градустан +6+11 градусқа дейін жоғарылауы күтілуде. Облыстың басым бөлігінде жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында, аймақтың солтүстігінде нормадан көп жауады. Сондай-ақ, жиі тұман түседі. Осы айда желдің екпіні 15-20 м/с- қа дейін күшейіп, бірінші онкүндіктің ортасы мен екінші онкүндіктің бірінші жартысында күтіледі, - деді Әйгерім Болатбекқызы.
03 қараша 2023 ж. 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930