» » Қараша айында ауа райы қандай болады?

Қараша айында ауа райы қандай болады?


Синоптиктердің болжамынша қараша айында ауа райының орташа температурасы 0,4+3,9 градус шамасында болады. Тиісінше, облыстың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Сондай-ақ, желдің екпіні 15-20 метр секундқа дейін күшейіп, қараша айының соңында ауа температурасы құбылмалы болады. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазгидромет РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жөкелова хабарлады.

-Қараша айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы күндіз +10+15 градусқа дейін, ал түнде 0+5 градус жылы ауа райы сақталады. Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде -1-6 градус, күндіз +2+7 градус шамасында болжанады. Ал үшінші онкүндікте түнде -4-9 градустан -2+3 градусқа дейін, күндіз -1+4 градустан +6+11 градусқа дейін жоғарылауы күтілуде. Облыстың басым бөлігінде жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында, аймақтың солтүстігінде нормадан көп жауады. Сондай-ақ, жиі тұман түседі. Осы айда желдің екпіні 15-20 м/с- қа дейін күшейіп, бірінші онкүндіктің ортасы мен екінші онкүндіктің бірінші жартысында күтіледі, - деді Әйгерім Болатбекқызы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

02 қараша 2023 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 361
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728