» » Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазан айының басында елдің басым бөлігінде ауа райы жылы болады деп күтіліп отыр. Кей өңірлерде 28 градусқа дейін ыстық. Күздің екінші айының басында елдің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады, деп хабарлады sputniknews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ірі қалалардағы ауа райы
8 қазан күні астанада жауын-шашынсыз. Түнде - 6-8 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады. Алматыда желдің екпіні – 0-5 м/с. Түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы. Шымкентте жауын-шашынсыз. Желдің екпіні – 5-10 м/с. Түнде 10-12 градус, күндіз 25-27 градус жылы.
Сәрсенбі күні астанада түнде 7-9 градус, ал күндіз  22-24 градус нөлден жоғары. Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде 11-13 , күндіз плюс 19-21. Шымкентте де күн жылы болады. Түнде 10-12 градус болса, күндіз 26-28 градус жылы.
10 қазан күні елордада жаңбыр жауады. Түнде 7-9 градус,  күндіз– 19-21 градус жылы  болады. Алматыда көшпелі бұлт болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауады. Тұман болады. Түнде 8-10 градус, күндіз 21-23 градус жылы. Шымкентте желдің екпіні – 5-10 м/с. Түнде 11-13, күндіз 27-28 градус жылы.
Бұған дейін синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. Оған сәйкес, күздің екінші айында ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел болжануда.
Қазгидрометтің ақпаратынша, қазан айында орташа температура Қазақстанның басым аумағында норма шамасында, ал Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Қызылорда облысының батысында нормадан 1°С жоғары болады.
Жауын-шашын мөлшері еліміздің көптеген бөлігінде – норма шамасында және нормадан көп, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ, Қостанай мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде нормадан төмен болады деп болжанып отыр.


08 қазан 2019 ж. 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930