Құрылтай
» » Мамыр айында ауа температурасы жоғарылайды

Мамыр айында ауа температурасы жоғарылайды

Алдағы мамыр айында Қызылорда облысында ауа температурасының орташа айлық көрсеткіші +21,2+23,1 градус болады деп күтілуде. Тиісінше, бұл нормадан 1 градусқа жоғары. Сондай-ақ, өңірде мамыр айында жауын-шашып мөлшері аз болып, шаңды дауыл жиі болады деп болжануда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Айгерім Жөкелова хабарлады.

-Мамыр айының бірінші онкүндігінде облыста ауа температурасы түнде +7+12 градустан +12+17 градусқа дейін болса, күндіз +23+28 градус болады деп болжануда. Ал аймағымыздың оңтүстігінде + 37 градусқа дейін жоғарылайды. Айдың екінші онкүндігінде түнде +5+10 градус, оңтүстік аймақта +13 градус, солтүстік-батыста + 20 градусқа дейін төмендеуі болжанып отыр. Дегенмен, екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы күндіз + 35+40 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақта +43 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде. Осындай ауа райы кезінде барынша сақтық шараларын ұстаған жөн. Өйткені жоғары ауа температурасы адам ағзасына әсер етеді. Ал айдың үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +15+20 градус шамасында болса, күндіз +31+36 градус болады. Оңтүстік аймақта түнде +23 градустан +18 градусқа дейін, күндіз +39 градустан +31 градусқа дейін ауытқуы болжануда. Сондай-ақ, жаңбыр, найзағай бірінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің ортасында күтіледі. Ал шаңды дауыл бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің ортасында болжанады. Жел секундына 15-20 м/с бір ай бойы жиі күтіледі деп болжануда, - деді Айгерім Болатбекқызы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 сәуір 2024 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31