» » Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі

Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі

Қазір халықтың басым бөлігі спортпен шұғылдануға немқұрайлы қарайтыны жасырын емес. Денсаулыққа аса зиянды шылым мен ішімдіктен құтыла алмай жүрген, арықтаймын деп неше түрлі дәрісымақты пайдаланатын адамдар бар. Соның бәрінен арылу үшін денешынықтыру, спорт және туризм арқылы саламатты өмір салтына бет бұру – өмірдің өзі алдымызға көлденең тартып отырған көкейкесті мәселе. Қазақстандағы бұқаралық спорт – әркімнің жеке басына тәуелді іс.
Десе де, жүрек-қан тамырлары ауруларының көбеюі, нашақорлық пен алкоголизмнен зардап шегушілер мен өлім-жітімнің артуы, физикалық һәм ақыл-ой тұрғысынан дамудың тежелуі, айналып келгенде, ұлт қауіпсіздігіне, халықтың санасы мен парасатының өсуіне, рухани дамуына қауіп төндіруде. Осының бәрі қазақ елінің экономикалық өрлеуіне, саяси тұрақтылығына, халықаралық беделінің артуына да залалын тигізбей қоймайды. Сондықтан саламатты өмір салтын мемлекеттік саясаттың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс.
Мұндай мәселеге аудан атқамінерлері де бей-жай қарамайды. Аудандық мәслихаттың VIII шақырылымдағы кезекті 19-сессиясында осы тақырып кеңінен талқыланды. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіне сай «Ауданда денешынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың жайы және қолдау шаралары туралы» аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев хабарлама жасаса, «Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 28 сәуірдегі «Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» No17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясын құру туралы» аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Диас Молдабаев баяндама жасады. Сонымен қатар «Аудандық мәслихаттың 2024 жылдың II жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақов баяндады.
Сессияда қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан қызу талқылаулар болып, сұрақтар қойылды. Ұсыныстар берілді. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды. Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
Түптеп келгенде, спорттың дамуы, оның ішінде маңызды спорттық жетістіктер мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне де байланысты. Мемлекет спорт саласына тиісті деңгейде қолдау көрсетсе, спортшылар да тиісті дәрежеде дайындалып, соның арқасында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізе алады. Немесе керісінше, спорттың даму деңгейі мен халықтың денешынықтыруға деген немқұрайлылығы экономикалық өрлеуге кері ықпалын тигізуі мүмкін. Әрине, мейлінше дені сау, даярлығы жан-жақты халық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да барынша үлес қосады. Сондықтан бұқаралық спорт бүгінгі Қазақстан қоғамын алға жетелеу және ұлттық стратегиялық мүдделерге жету үшін ауадай қажет.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
30 маусым 2024 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 299

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 397

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930