» » » Жұмадағы жүздесу

Жұмадағы жүздесу

Спорт – саламатты өмір кепілі, денсаулықтың тірегі. Әдетте кез келген адам спортпен шұғылдана білуі мүмкін, бірақ шын спортшы болуы екіталай. Өйткені, спорт өнері – қайтпас қайсар мінез бен күш-жігерді үйлестіре білген кісі ғана ұтатын өмір шындығы.
Тегінде, спорт десе ішкен асын жерге қоймайтын адамзат баласы кем де кем шығар-ау. Осы бір сиқырлы өнердің пенде біткенді арбап алар не құдіреті бар дерсіз. Төрткүл дүние жанкүйерлері теледидарда стадиондағы теңбіл допқа көзін сүзіп отырғанда, өз басым өзге арнадан өзіміздің төл спорттық өнерімізді тамашалағанды ұнатамын. Соның бірі – ұлтымыздың оң жамбасына келетін қазақ күресі.
Таяуда Дүр Оңғар ауылындағы №107 орта мектепте "Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл" атты тақырыпта денешынықтыру пәні бірлестігінің апталығы өтті. Осы апталық аясында "Жұмадағы жүздесуге" қазақ күресі мәртебесін халықаралық деңгейде көтеріп жүрген облыстың әр аймағында тұратын жерлес палуандарымыз шақырылған еді. Негізгі мақсат – оқушыларға салауатты өмір салтын дәріптеу, спортқа деген құлшынысын арттыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жұмадағы жүздесуде асыға күткен кеш қонағы аудандық №15 спорт мектебінің жаттықтырушысы, ел спортын өркендетуге өлшеусіз үлес қосып жүрген білікті маман, шәкірттерін халықаралық деңгейдегі жарыстарға баулыған Дархан Алмаханов, Қазақстан Республикасының "Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағының иегері, Қыз­ылорда облысының қазақ күресінен аға жаттықтырушы, мектебіміздің түлегі Болат Кенеев, Қызылорда қаласындағы көпсалалы "Тарлан" денешынықтыру және спорт кешенінің директоры Дос­жан Қалиев, аудандық №16 балалар және жас­өспірімдер спорт мектебінің Дүр Оңғар ауылы филиалындағы күрес өнерінің жаттықтырушысы Әділбек Кенеев, сондай-ақ, қазақ елінің намысын қорғап, атын әлемге әйгілеген Ғалымжан Әбдірахманов, Мақсат Исақабылов, Нұрым Сәлімгереевтер аталмыш мектептің кең әрі жарық мәжіліс залының төрінде жарасымдылықпен отырды.
Салтанатты кештің ашылуында мектеп директоры Бақытбек Нұрманов кездесудің негізгі мақсаты мен арнайы ат басын бұрып келген қонақтарға шынайы лебізін білдірді.
Осы кештің өткізілуі мен тізгінін өз қолына алған бірлестік жетекшісі, денешынықтыру пәні мұғалімі Ардақ Алмағанбетов спорт саласындағы Сыр саңлақтарына бірлестік атынан сый-сияпатын жасап, құрмет көрсетті. Сол ортаның сәні болған сахнаның ішін мектеп өнерпаздары ән мен күйге толтырды. Оқушылардың қойған сұрақтарына қадірменді қонақтар пандемиялық қауіп­сіздік шараларын сақтай отырып, тұшымды жауап берді.
Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
24 сәуір 2021 ж. 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031