» » Мемлекеттік қызметтегі әйелдер қауымы үстел теннисінен бақ сынады

Мемлекеттік қызметтегі әйелдер қауымы үстел теннисінен бақ сынады

Мемлекеттік қызметтегі әйелдер қауымы үстел теннисінен бақ сынадыТаразда мемлекеттік қызметтегі әйелдер арасында үстел теннисінен турнир өтті.
Аймақтық жарыс Астана қаласының 20 жылдығы мен халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылды. Спорттық шараға облыс орталығындағы департамент, басқарма, әкімдік қызметкерлері және 9 ауданнан қыз-келіншектер жиналды. Жалпы саны 17 команда қатысып, 50-ге тарта спортшы өз өнерлерін көрсетті. «Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен тұрақты шұғылданатын тұрғындар қатарының артуына үлес қосу», – дейді ұйымдастырушылар.
Гүлжан Кәлімбетова, жарысқа қатысушы:
– Жыл сайын волейболдан өтетін. Оған үнемі қатысатынбыз. Енді биыл үстел теннисінен өзіміздің бағымызды сынап көріп жатырмыз. Мейрамға байланысты өзіміздің ардақты аналарымыз бар, әжелеріміз бар. Оларды шын жүректен құттықтаймыз. Оларға ең бастысы денсаулық тілейміз. Спорт – денсаулықтың кепілі.

09 наурыз 2018 ж. 1 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 564

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930