» » «Есірткісіз өмір ғажайып!»

«Есірткісіз өмір ғажайып!»

qarmaqshy-tany.kz Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Сол өмірді жақсы етіп өткізу, әр адамның өз қолында. Ол үшін зиянды әрекеттерден аулақ болып, денсаулықты сақтап, әлем дертіне айналған нашақорлық ауруынан сақ болу қажет. Нашақорлық- ғасыр дерті. Есірткі- адам өмірін құрдымға әкелетін, адамға зиянын тигізетін химиялық зат. Оны  бір қолданғаннан кейін  ол адамды өзіне тәуелді қылып, естен  айырып, неше түрлі ауруға әкеліп соқтырады. Бұл- нашақорлық  деп аталады. Кейбір нашақорлар адамдарға осы секілді зиянды заттарды тұтынып көруге кеңес береді. Ал уақыт өте келе, оның зиянды жақтары адамға кері әсерін береді. Бұл есірткіні көп жағдайда ақша табу мақсатында да қолданады. Сол арқылы нашақорлар өзінің және өзгелердің өміріне балта шабады.
Ал есірткісіз өмір ше? Есірткісіз өмір ғажайып. Себебі, ең алдымен сенің денің сау, болашағың жарқын. Сол себепті біз «салауатты өмір» салтын ұстанып, денсаулығымызды сақтап  нығайтуда белсенді болуымыз керек. Салауатты өмір салтына-дұрыс тамақтану, денені шынықтыру, зиянды әрекеттерден яғни- шылым шегуден, ішімдіктен, есірткі және басқа да зиянды заттардан аулақ болу жатады. Адамды азғындатып, кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес әр отбасынан, мектептен басталып, онымен бүкіл әлем болып күресуіміз қажет. Еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін бұл індетпен біз табанды түрде аянбай күресуіміз керек.
Есірткі секілді зиянды заттардан аулақ болайық достар! 
Шәкіман Нұргүл,
№121 орта мектебінің 7"А" сынып оқушысы 
03 қараша 2022 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031