» » Жастарға арналған жаңа жоба

Жастарға арналған жаңа жоба

Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау сол буынның парызы. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы, бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар қай заманда, қай елде болсын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған.
«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарымқабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз» деген еді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде. Шыны сол, ел жастарының белсенділігі көңіл серпілтеді.
Бүгінде ауданымызда жастарды жан-жақты дамытуда біршама жұмыс атқарылып, жастар саясаты, оларды әлеуметтік-экономикалық жағынан қолдау шаралары өз шешімін табуда. Жастар саясатын алға тартып, белсенді де батыл қадамдарға бастайтын ауданның Жастар ресурстық орталығы өз жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Түрлі жаңа бағдарламаларды да жүзеге асыруда. Мәселен, аудан әкімінің қолдауымен өткен жылдан бастап ауданға қарасты барлық кент және ауылдық округтерге 150 000 теңгеден бастамашыл топтарға шағын грант беруді қолға алған болатын. Иә, былтыр «Qadam» жастар орталығының ұйымдастыруымен аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында 12 ауылдық округ және 2 кентке 150 000 теңгеден грант берілді. Оның нәтижесінде 11 теннис, 2 домбыра, 1 жылжымалы кинотеатр алынып, жастар үшін қызмет етуде.
Биыл да аталған жоба жалғасын тапты. Жақында аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастардың бастамаларын қолдау жобасы аясында» «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен шағын гранттың комиссия отырысы өтті. Онда барлық кент және ауылдық округтерден келген бастамашыл топтың жетекшілері жобаларын қорғады. Нәтижесінде 16 бастамашыл топқа шағын грант берілді.
– Өткен жылы ауылымызда «Үстел теннисі» жобасы қолдау тауып, "COWORKING" орталығына орнатылды. Бүгінде бұл жоба оң нәтиже беріп, тенниске деген жастар арасында қызығушылық артқан болатын. Биыл да бұл жоба өз жалғасын тапқанына қуаныштымыз. Комиссия қорытындысымен 150 000 теңге грант қаржысы қанжығамызға байланды. Қолға алып отырған биылғы жобамыз – «Жылжымалы кинотеатр». Бұл жобаның да жастарға берері көп. Ауыл жастарының кешкі мезгілде бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ауылдық клуб үйінде айына екі мәрте тегін кино беру жоспарымызда бар. Әсіресе, жаз мезгілінде жастарға бұл үлкен жаңалық болары сөзсіз. Алдағы уақытта бұл жобалар жастар үшін жұмыс жасайтын болады, – дейді Иіркөл ауылдық әкімшілігінің қызметкері Дастан Алманов.
Қазіргі жастар – ертеңгі болашақтың іргетасы, кемел келешектің иесі. Сондықтан олар жан-жақты, сауатты, ерік-жігері мол азамат болып өсуге тиіс. Жастары белсенді елдің ертеңі де жарқын болады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
25 маусым 2024 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 286

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 381

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930