» » Жастары бар жалынды, алымды һәм қарымды

Жастары бар жалынды, алымды һәм қарымды

«ҚАЗАҚСТАН – ДАРЫНДЫ ЖАСТАР МЕКЕНІ. ЕРТЕҢ ЕЛІМІЗДІҢ АБЫРОЙЫН АСЫРАТЫН ДА – ОСЫ ТАЛАНТТЫ ҰЛ-ҚЫЗДАР. БІЗ ОЛАРДЫҢ ӨРІСІН АШЫП, ҚАРЫМ-ҚАБІЛЕТІН ШЫҢДАУ ҮШІН БАР МҮМКІНДІКТІ ЖАСАУҒА ТИІСПІЗ» ДЕГЕН ЕДІ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БІР СӨЗІНДЕ. ШЫНЫ СОЛ, АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ КӨҢІЛ СЕРПІЛТЕДІ.
Аудан аумағында жастардың достық қарым-қатынасын ұлғайту, жастардың уақытын тиімді пайдалануды үйлестіру, қоғамның әлсіз топқа деген мейрімділігін көрсете отырып, қоғамдағы теңдікті сақтау, өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні бар құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі емес діни жат ағымдарға жастардың, жұмыссыздардың тартылуының алдын алу бағытында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Олардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында жиі спорттық, мәдени іс-шаралар мен акция, форумдар өткізіліп тұрады. Жастардың патриоттық сезімдерін ояту аясында да үздіксіз арнаулы іс-шаралар жүргізіліп отырады. Ерікті болып, жақсылықта жарысып та жүр. Иә, «Жас келсе, іске», «Әрбір жастық шақ жүйріктікке толы» деген секілді тәмсілдер бекер айтылмаса керекті. Әрдайым болашақтың тұтқасын ұстап, кемел келешектің жаңашыл бастауы болатын – осы жастар.
Жақында халықаралық жастар күніне орай аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы «Жастар үйінде» болып, ауданның белсенді жастарымен кездесіп, пікір алмасты. Кездесуде аудан басшысы жастарды мерекелерімен құттықтап, оларға кәсіпкерлік саласы мен мал шаруашылығын дамыту жөнінде ой-бөлісіп, ниет білдіруші жастарға қашан да қолдау болатынын жеткізді.
Сондай-ақ, кездесуде өңірде жастар саясатының жүзеге асуына үлесін қосып, түрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген жастар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, сыйлықтар табысталды. Мұнан соң аудан басшысы жастардың көкейінде жүрген мәселелеріне құлақ асып, оны алдағы уақытта шешу үшін тиісті шаралар қабылданатынын айтты.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз сөйлеп, жастарға ақ батасын берді. Кездесу соңында сөз алған Жастар ресурстық орталығының директоры Сырым Әділбеков қазір аудандағы әрбір жастың тұлға болып қалыптасуына жастар орталығы тынымсыз жұмыс атқарып келе жатқанын тілге тиек етті. Белсенді жастар тарапынан да ұсыныс-пікірлер айтылды. Мұнан соң кездесу орталық алаңда «Ел ертеңі – жалынды жастар» атты жастардың мерекелік кешіне ұласты. Қорытынды кештің құрметіне ауданның көркемөнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өткізілді. Мерекелік кешке жиналған халық жалындаған жастарымызға және өнерпаздарымызға шынайы көңілін өз қошеметтерімен жеткізді. Мерекелік кештің соңы отшашумен шымылдығын жапты.
Иә, «Жасыңды көрсет, болашағыңды бағамдайын» деген сөз бар ежелден жеткен. Бізге дейін айтылған тәмсілдің астарына үңілсек, бүгінгі жас қандай болса, ел ертеңі де сондай болмақ. Бәз біреулер «Жастар бұзылып барады» деген жазба сонау бес мың жылдан астам уақыт бұрын Мысыр пирамидасының қабырғасына жазылыпты деседі. Жастар – жалындайды. Жастар – жан-жаққа құлаш сермеп, жаңа бағыт іздейді. Жастар – өзгереді, түрленеді. Себебі, жастар прогресс. Ал прогресс еш уақытта кейінге шегінбейді. Жаңадан тың дүние тауып, басқа қадамдар жасайды. Өйткені «жас» сөзінің төркіні «жаңа» дегенмен астасып жатыр. Қош. Аудан жастарының әлеуеті, қарымы һәм қабілеті қоғамға қозғаушы күш болып қала бермек.
Айнұр ӘЛИ
16 тамыз 2022 ж. 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 288

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 383

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930