» » Туризм саласының жаңа келбеті

Туризм саласының жаңа келбеті

Әр елдің айтулы өз тарихы бар. Сөз төркіні, ел бар жерде – тіршілік бар, тіршілік бар жерде – тарих бар және сол тарихты қалыптастырған тұлғалар бар.
Қармақшы ауданы, жалпақ тілмен айтқанда Сыр өңірі, оның ішінде Қорқыт елі, күллі қазақ еліне Қорқыт ата, Байқоңыр ғарыш айлағы атауларымен таныс өлке. Қорқыт ата кешенінің бүгінгі архитектуралық кесенесін әлемге таныту, оны дүниежүзілік туристік орталыққа айналдыра отырып, әлемнің түкпір-түкпірінен Сыр еліне келген қонақтарға кеңінен насихаттау үшін көптеген жұмыс жасалуда. Түгел түркі әлемі кие тұтатын Қорқыт атамыздың мәңгілік мекеніне айналған тарихи маңызға ие – Қорқыт ата кешені сәулет өнерінің айрықша үлгісі бола білді. Қорқыт ата кесенесіне зиярат етушілер күннің ыстық-суығына қарамайды. Мұнда туристердің көпшілігі Германия, АҚШ, Қытай, Түркия, Франция елдерінен келеді. Қасиетті мекен ешқашан меймансыз болмаған. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы ашылғаннан кейін көлікпен келушілер саны артты. Мұнда күніне шамамен 20-30 көлік аялдаса, жылына 15 мыңнан аса турист келіп тоқтайды. Биыл – Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы. Осыған орай көрші мемлекеттен өңірге туристердің легі ат басын бұрған.
Жақында өңіріміздегі қатпарлы тарихымыздың біріне айқын дәлел бола алатын құнды жәдігер, тарих сахнасына шығып сырын ашты. Ол тарихи жәдігер өз заманында үш жүздің пірі атанған, әулиелігімен танымал болған, өмірі рухани мұраға толы, Ислам дінінің рухани шамшырағы, діни тұлға Марал ишан Құрманұлының қазақтың соңғы ханы – Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы. Марал ишан барша қазаққа танымал адам болған. Ол – төл тарихымызда ерекше орны бар Кенесары ханның үзеңгілес серігі. Құран кітап екі ғасыр уақыттан бері сырын бүгіп, қолдан қолға, шетел асып қазақ еліне қайтарып алынған. Бұл жұмыстар Қызылорда облысының туризм саласының дамуына өз кезегінде ықпал етуде.
Ақнұр ӨТЕШОВА,
аудандық дене тәрбиесі, спорт және
туризм бөлімінің әдіскері
20 маусым 2024 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 446
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31