» » Қармақшы ауданында жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды

Қармақшы ауданында жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды


Бүгін аудан орталығы Жосалы кентінде бой көтерген «Мағжан» асханасының ашылу салтанаты өтті.

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қатысып, жаңа нысанның тұрғындарға сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуіне тілектестігін білдіріп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалып, ауданымызда кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар саны артып келетінін айтты.

Одан кейін еңбек ардагері Сариев Орынбасар батасын беріп, аудан ардагерлерімен бірге жаңа нысанның лентасын қиып, асхана жұмысымен танысты.

Жаңадан іске қосылғалы тұрған асхана ғимаратының жалпы сыйымдылығы бір мезетте 150 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар асханаға 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

13 маусым 2024 ж. 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 332
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 853

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930