» » Кентіміз күн санап көркейіп келеді

Кентіміз күн санап көркейіп келеді

Жосалы кенті – біздің туған жеріміз. Оның ауа-райы, суы, топырағы басқаға ұнамауы немесе жақпауы мүмкін. Алайда осы жердің әрбір перзенті оның ауасын дертке дауа, топырағын шипа деп біледі.

Туған жеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге жасарып, жаңарып келеді. Оны көзі қарақты адамның байқамауы мүмкін емес. Солардың бірі – қазіргі Қазақ хандығы саябағын айтуға болады.

2014 жылы Жосалы кентінен «Мәңгілік Ел» монументі салынды. «Мәңгілік Ел»–халқымыздың сан ғасырлар бойы армандаған асыл арманын кейінгі ұрпаққа тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мақсатында салынған болатын. 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай «Мәңгілік Ел» монументімен жалғасып «Қазақ хандығы» аллеясы ашылды. Аллеяның орналасқан идеясына қарай 2020 жылы Қазақстан Республикасының Рәміздер алаңы қосылды.

Қазір бұл жер қазақ халқының өткені мен бүгінін бейнелейтін, тарихы терең, мазмұны кең аллеяға айналды.  Дегенмен, орналасқан жері тұзды топырақты, ыза жер, ешқандай көк шықпайды деген түрлі пікірлер айтылғаны жасырын емес.  Әйтсе де, Жосалы кентінің әкімшілігі аллея ашылған уақыттан бастап жеріне барыншы қамқорлық жасап, арнайы мамандардың кеңесіне жүгіне отырып, тұзды жерге төзімді ағаш көшеттерін сатып алып отырғызып, күтімге алды.

2023 жылы қасынан жер асты суын шығаратын ұңғыма қазып, аяқ су мәселесі түбегейлі шешілді. Егілген көшеттерге қажетті дәрумендермен тыңайтқыштар беріліп, уақытылы суғарылып отыр. Бүгінде көшеттердің шығымы өте жақсы. Енді бос жатқан жерлерін көгалдандыру үшін газон егуді қолға алып жатырмыз.

Осылайша көп уақыт пен қажырлы еңбектің арқасында «Тұзды жерге ешнәрсе шықпайды»- деген пікірлерді жоққа шығардық. Алдағы бір-екі жылда бұл жер саялы саябаққа айналатынына сеніміміз мол! Себебі, мұндай жетістікке еліңді, жеріңді шексіз сүю мен тынымсыз жасалған еңбек ғана өз нәтижесін береді.
07 маусым 2024 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10349)

22 қазан 2024 ж.

№83 (10348)

19 қазан 2024 ж.

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 598

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031