Кенттегі аллеялар күтімге алынып келеді
Халық батыры Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық» деген екен.
Ал, келер ұрпаққа ерлік пен елдікті насихаттайтын мәдени мұралар мен тарихи жәдігерлер екені белгілі.
Осы мақсатта 2013-2015 жылдары, сол кездері аудан басқарған Нәжмадин Шамұратовтың бастамасымен Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығы аясында Жосалы кентінің кіре беріс аймағына «МӘҢГІЛІК ЕЛ», «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» аллеясын салды.
Бұл, Нажмадин Шамұратовтың іскер әрі тәуекелшілділігінің арқасында сорланған жерді абаттандырып, тарихи ескерткіш орнатуы болашақ ұрпақ үшін, ел үшін жасаған, дер кезінде қолға алынған игілікті ісі еді.
Жалпы көлемі 4,8 га жерді алып жатқан аумаққа қазақ халқының өткені мен бүгіні, ерлік пен елдік астасқан, қазақ халқы үшін тарихы терең, келер ұрпақ үшін мағынасы маңызды бірнеше кіші архитектуралық формадағы ескерткіштер орналастырылды.
Алдымен «ЖОСАЛЫ» қақпасы тұрғызылып, одан кейін тарихы көне түркі заманынан бастау алатын «МӘҢГІЛІК ЕЛ» монмуенті, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елін, жерін қорғаған БАТЫРЛАР бейнесі, қандай дау болса да бір ауыз сөзбен дауды тоқтатқан, ел іргесінің беріктігі мен татулығын сақтаған ҮШ БИІМІЗ, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасындағы Қазақтың ұланғайыр атырап, алтын бесік ата қонысын басқарған ҚАЗАҚ ХАНЫНЫҢ ескерткіші қойылды.
Осы құрылыс салынған кезде айдалада орналасқан, бұл жерге ешкім келмейді, топырағы сортаң, тұзды, ешқандай көк шықпайды деген түрлі пікірлер айтылғаны жасырын емес.
Дегенмен, Жосалы кентінің әкімшілігі аталған аймаққа жыл сайын көшет, гүл егіп, барынша күтімге алып келеді.
2022 жылы көгалдандыру саласында тәжірибесі мол жеке кәсіпкер «Garden Қызылорда» мекемесімен келісім шартқа отырып, ыстыққа төзімді келетін 2000 түп көшет отырғызып, ай сайын түрлі зиянкестерден қорғайтын дәрумендер, тұзға қарсы тыңайтқыштар себіп, тамшылатып суғару арқылы күтімге алды. Оның ішінде жеміс ағаштары да бар. Қазір аталған өсімдіктердің шығымы өте жақсы.
2023 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жанынан ұңғыма қазылып, көшеттер осы ұңғыма арқылы суғарылып отыр.
2021 жылы жанынан шағын балалар ойын алаңы салынды.
Қазір бұл аймақ - балалар ойнайтын, тұрғындар бір мезгіл серуенге шығатын саябақтардың бірі болды.
Ал, жері сортаң, тұзды, ешқандай көк шықпайды деген пікір өткеннің еншісінде қалды. Себебі, егілген кешеттердің күтімі мен шығымы дәл осындай қарқынмен өссе, бір-екі жылда терегі тербелген, сыр талы жайқалған, жемісі төгілген мәуелі саябаққа айналатын болады.
Нәжмадин Шамұратов Қармақшы елінде қызмет жасаған кезінде елге барынша жанашырлықпен еңбек ете отырып, келешек ұрпақ үшін артында осындай өшпестей із қалдырды.