» » Кенесары хан

Кенесары хан


Хан Кенесары туралы айтқанда, елең етпейтін қазақ жоқ шығар, сірә. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, дәлірек айтатын болсақ 1837-1847 жылдары болған ұлт-азаттық қозғалыс бүкіл қазақ елін шарпыған ұлы көтеріліс болды. Бұл көтерілісті бастаған атақты Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқының соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы болды. Ол 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік – Сеңгір аңғарында шейіт болды.
Ағасы Саржан сұлтанның жасағында болып, әскери өнерін шыңдаған Кенесары қаншама қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды басты мақсат тұтқанымен, ол отаршылдарға қарсы соғысты бірден бастаған жоқ. Ол бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап, Николай І патшаға, Орынбор генерал-губернаторлары В.Перовскийге, В.Обручевке, Сібір генерал-губернаторы П.Горчаковке хат жолдады, тиісті талаптар қойды. Ол өзінің Батыс Сібір генерал-губернаторына жазған хатында: «Ақтау, Ортау, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Өлкейек, Тоғызақтан Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында тартып алынып, қаптаған бекіністер тұрғызылды. Міне, енді күн сайын жерімізге баса-көктеп кіріп, бекіністер салып, халықтың зығырданын қайнатып отырсыздар. Бұл біздің болашағымыз үшін ғана емес, бүгінгі тірлігіміз үшін де қатерлі. Менің тілегім – екі жақтың да халқы мизамшуақ өмір сүруі» деді. Кенесары Қасымұлы 1837 жылғы желтоқсанда Николай І патшаның өзіне осындай мазмұнда хат жазған-ды. Алайда патша үкіметінен өз талабы бойынша жауап ала алмаған Кенесары Қасымұлы 1837 жылы Петропавлдан Ташкентке бет алған сауда керуеніне шабуыл жасаумен көтерілісті бастады. Басты мақсаты – қазақ жерінің дербестігін сақтау, Ресейдің бекіністер салуын тоқтату, Қоқан езгісіндегі қазақтарды азат ету, Округтерді жою болды. Осы мақсатта бір орталыққа бағынған мемлекет құрды. 1841 жылы халықтың беделіне бөленген Кенесары «хан» болып сайланды. Билер сотының орнына, хандық сотын енгізді. 1843 жылы қозғалысты басып жаншуға, І Николай старшина Лебедев бастаған жасақ және А.Жантөреұлы мен Б.Айшуақұлы бастаған жасақтарды жіберді. Алайда патша тарапынан келген жасақтар жеңіліске ұшырап, Кенесары Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алып, Қырғыз манаптарымен қырғыз жеріндегі Кекілік-Сеңгір деген жерде көтерілісшілерімен бірге өткен соңғы шайқасы болды. Кенесарының қаза табуына, осы шайқаста Ұлы жүздің билері Рүстем мен Сыпатайдың бөлініп кетуі, сонымен қатар басқа да алауыздық салдары себеп болды.
Міне, биыл Кенесары Қасымұлы бабамыздың туғанына 220 жыл толып отыр. Бұл қазақ халқымыз үшін үлкен қуаныш, осы күндерді арман еткен бабаларымыз қаны мен жанын құрбан еткен болатын. Біздің парызымыз бабаларымыздың ерен ерліктерін өсіп келе жатқан жас ұрпаққа жеткізу. Барша қазақ халқына батыр бабамыздың ерлік ісін насихаттау.
Г.ДОСАМАНОВА,
№269 орта мектебінің мұғалімі
10 наурыз 2022 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031