» » » Қазақтың тұңғыш фотографы

Қазақтың тұңғыш фотографы

Қазақ жаңалықтан қалыспаған ғой. 1839 жыл Францияның Париж академиясында Луи Дагер мен Джозеф Ньепс деген ғалымдар фотографияны өмірге алып келген. Үш жылдан соң, 1841 жылы Жәңгір хан Ордада мектеп ашқанда арнайы фотограф алдырып, оқушылармен бірге суретке түскен. Жәңгір мектебінен шыққан қазақ зиялыларының көпшілігінің суреті бар. Ал қазақтың тұңғыш фотографы – Шәңгерей Бөкеев екенін көп ешкім біле бермейді. Яғни, қазақ фотоөнері Батыс Қазақстан облысынан бастау алды деп сеніммен айта аламыз. 1901 жылы Бөкей ордасының 100 жылдығы аталып өткенде Петерборға қонақ ретінде шақырылған Шәңгерей Бөкеевке Николай ІІ патша барлық құрал-жабдықтарымен фотоаппарат сыйлаған. Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев 1847 жылы Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы, Жасқұстағы хан ордасында дүниеге келген. Шәңгерей – Жәңгір ханның немересі. Ол 5 жасқа келгенде әкесі қайтыс болып, шешесі Ермектің тәрбиесінде қалады. Әйтсе де ол жетімдік көрмейді. Ата дәулетінің арқасында жасынан оқып, ғылымға қолы жетеді. Астраханда реальдық училищені бітіргеннен кейін, Орынбордағы әскер бастықтарын даярлайтын кадет корпусына түседі. Бірақ Шәңгерей онда екі-ақ жыл оқиды. Самара губерниясында мировой судья болып біразырақ істейді де, ол қызметін тастап, өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, өзіне меншікті жер алып, Самар губернаторындағы дворяндардың тізіміне тіркеледі де, қалған өмірінің көпшілігін өз имениесінде өткізеді. Атасы Жәңгір ханның көп жыл иесіз тұрған Көлборсыдағы жазғы ордасын өзіне қаратып алады да, онда бау-бақша, алма ағашын ектіріп, сәнді үйлер салғызады. Өз қарауында 40-50 үй болады. Егін салдырып, егіске машиналар да қолданады. Сөйтіп Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата-қонысы Көлборсыда өмір кешеді. Аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркемсөз өнерін ұнатады. Өзін-өзі үнемі рухани жетілдіріп отырады, өлеңдер жазады. 1917 жылы Көлборсыдан көшіп, қазіргі Ақжайық ауданы жеріне келеді. 1920 жылы Қаратөбе ауданының Ақбақай деген жерінде қайтыс болады. Шығармалары 1911-12 жылдары «Шайыр», «Көксілдер», 1926 жылы «23 жоқтау» жинақтарында жарық көрген. 1934 жылы жеке жинағы, кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды. 

11 маусым 2018 ж. 2 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930