"БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР"
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Қазақстан Республикасының «Ынтымақ пен Бірлігі» күні мерекесіне орай "БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР"" атты іс-шара өтті. Салтанатты шарада Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұраны орындалды. Шараны Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің директоры, «Ынтымақ» БПҰ төрағасы Оразбек Тәшен Оразбекұлы ашып, "Қазақстан" деген ортақ үйімізде әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Ұлы достықтың тарихына көз жіберсек, сонау қазақ үшін сын сағаттарда патша жарлығымен кіндік кескен жерінен, Отанынан айырылып, қазақтың басына түскен қуғын-сүргін олардың да басына түсіп, бірі айдалып, бірі пана іздеп келгендер – орыс, украин, татар, башқұрт, қырғыз, кәріс, дұнған, ұйғыр, поляк, неміс т.б. ұлт өкілдері Қазақстанның түпкір-түпкірінен орын алды. Қазақ халқымен бір үзім нанды бөліп жеп, бір кесе айранды бөліп ішті, міне, сол кезде ортақ мақсат, ортақ кәсіп оларды бір-біріне жақындастыра түсті. Сондықтан, ең қастерлі қазынамызды – тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, мемлекетімізді нығайта беру үшін бізге ең әуелі бірлік қажет!- деді.
Мерекелік кеш 2-кезеңнен тұрды. 1-кезең - ұлттық билер сайысы. 2-кезең – ұлттық әндер сайысы. Жастар ән айтып,би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Шара барысында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының «Номад» БПҰ төрағасы Қарғабай Ғани Болатұлы сайысқа қатысушыларды «Қазақстан халықтарының бірлігі» күнімен құттықтап, ел болашағы жастарға бекем бірліктің арқасында тәуелсіздігіміз мәңгі болмақ екенін тілге тиек етіп, жастарды патриот болуға шақырды және сайыс жеңімпаздарын дипломмен марапаттады.