» » "Қазақ хандығы" аллеясын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

"Қазақ хандығы" аллеясын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жосалы кентінде орналасқан «Қазақ хандығы» аллеясын абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі сәтте аллея аумағын көгалдандыру, ағаш егу және гүлдендіру жұмыстары жүріп жатыр.
Кеше аудан басшысы Әділбек Бөрібайұлы аудандағы бір топ ардагерлер мен аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақовпен бірге осы атқарылып жатырған жұмыстардың барысымен танысты.
Қазіргі таңда, жауапты мердігер ЖК «Garden Қызылорда» – көгалдандыру мен абаттандыру саласында мол тәжірибесі бар мекеме ретінде аталмыш жұмыстарды жүйелі түрде іске асыруда.
Осыған дейін, аллея орналасқан жердің топырағы құнарсыз (сорлы) болуына байланысты тал егу және көгалдандыру жұмыстарын атқаруға мүмкіндік болмады.
Осыған орай, ЖК «Garden Қызылорда» аллея алаңын құнарлы топырақтармен ауыстырып, ауданның табиғатына сай, ыстыққа төзімді келетін қара ағаш, айлант, шаған, каталпа, калифорниялық терек сияқты тағы да басқа көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, аталған өсімдіктерді түрлі зиянкестерден қорғайтын дәрумендер, тыңайтқыштар себілді.
Алдағы уақытта аллея одан әрі ажарланып, аудан тұрғындары мен қонақтарының демалатын орнына айналатын болады.
Сапар соңында аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов «Туған ел келбеті» ЖШС ғимараты мен бірқатар саябақтарды аралап, тазалық жұмыстары мен көгалдандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
03 шілде 2022 ж. 594 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 596
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031