Құрылтай
» » Қармақшы ауданы әкімі ерекше балаларды мерекемен құттықтады

Қармақшы ауданы әкімі ерекше балаларды мерекемен құттықтады


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандық маслихат, ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағаларымен бірге 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше балаларды мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы «Дәметкен ана» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту, аудандық психологиялық-педагогикалык түзету және «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар орталықтарында болып, онда тәрбиеленетін ерекше балалармен кездесті.

Балдырған балаларды мерейлі мерекемен құттықтап, тәттілер мен сыйлықтар үлестіріп, ерекше балаларға әрдайым қолдау болатынын айтты.

Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда 132 мүмкіндігі шектеулі балаларға 28 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. 2024 жылы жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 1483 мүгедектігі бар тұлғаларға оның 418 мүгедектігі бар балаларға протезді-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық, жүріп-тұру және міндетті гигеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

01 маусым 2024 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 627
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 090

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31