» » Аудан әкімі «Дәметкен ана» және «Аңсаған» орталықтарында болды

Аудан әкімі «Дәметкен ана» және «Аңсаған» орталықтарында болды

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбек «Дәметкен ана» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы мен «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінде болып, жұмысымен танысты.
Алдымен, «Дәметкен ана» орталығына барған аудан басшысы ерекше балалар әзірлеген қолөнер бұйымдарын тамашалап, орталық директоры Азиза Сатмаханованың ұсыныс-пікірлерін тыңдай келе балалардың қол өнермен айналысуы үшін демеушілік арқылы қажетті құрал жабдықтар алып беруге көмек көрсететінін жеткізді.
Сондай-ақ, осы орталықтың құрылтайшылары, Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының профессоры, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Зарқұм Сартайұлы мен ҚР «Алтын дәрігер» белгісінің иегері Дина Базаралықызының атқарып жатқан игі жұмыстарына алғысын білдірді.
Одан соң, «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінде ерекше балалармен кездесті. Бірлестік төрайымы Бақыткүл Раймбаева өмірге құштарлығы зор балалардың өздері жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, жеткен жетістіктерін баяндады.
Аудан басшысы өз кезегінде бірлестік төрайымына ерекше балалардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастырып, оларды ұлттық қолөнерге баулу бағытында атқарып жатырған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, балаларға қолайлы жағдай жасау үшін бірлестік ғимаратын басқа ғимаратқа көшіру жөнінде тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
08 ақпан 2023 ж. 414 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930