» » Жазғы сауықтыру лагерьлерінде 7 035 бала демалыспен қамтылады деп күтілуде

Жазғы сауықтыру лагерьлерінде 7 035 бала демалыспен қамтылады деп күтілуде


Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл – жаз маусымы. Үш ай демалыста балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Бұл уақытта бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің көпшілігі лагерьге баратыны да сөзсіз. Яғни, лагерь олар үшін – жаздың көркі. Қызылорда облысының білім басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл облыс аумағында орналасқан 8 лагерьде 7 ауысымда 7 035 бала демалыспен қамтылады деп күтілуде. Одан бөлек, 290 мектеп жанынан тамақпен және тамақсыз күндізгі тынығу лагерьлерінің жұмысы ұйымдастырылады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бектұр Қали мен Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ерлан Ұзақбаев хабарлады.
- Маусым басталар алдында барлық лагерь халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Бүгінгі күні маусымдық 6 лагерьден қорытынды алуға өтініш келіп түсті, Жаңақорған ауданындағы «Тау самалы» лагеріне санэпид қорытынды берілсе, қалған 5-еуі жұмыс үстінде. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында қала сыртындағы балалар лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді,- деді Бектұр Асанханұлы.
- Облыс көлемінде орналасқан жазғы сауықтыру лагерлеріндегі су айдындары мен жабық бассейндерден 24 су сынамасы және топырақтан 18 сынама іріктеліп алынды, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сынамалар гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.Маусым бойы су айдындары мен бассендердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілетін болады. Демалатын балалардың арасында инфекциялық ауруларды болдырмау мақсатында лагерьге баратын балалар денсаулық жағдайы туралы 071/е нысаны бойынша «Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған медициналық анықтамасы» мен инфекциялық аурулармен байланысы жоқ және профилактикалық егу жұмыстары жүргізілгені туралы медициналық анықтамасы болған жағдайда қабылданады,- деді Ерлан Амантайұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

31 мамыр 2024 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 318

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 414

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930