» » Жаз маусымы жауапты кезең

Жаз маусымы жауапты кезең

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында аудан көлеміндегі жалпы білім беретін 29 орта мектеп бар. Осы мектептер бойынша маусым айында мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерьлерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
«Қызылорда облысының білім басқармасының «Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі, басқармаға «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы NoҚР ДСМ-76 бұйрығының 78-ші тармағы басшылыққа алынып, 29 мектепте 1114 оқушы мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерінде I ауысымда 14 күн қамтылатындығын, тамақтандыруды, лагерь уақыты түске дейінгі уақытта ұйымдастырылатындығы, сыртқы лагерьлерге 465 оқушы баруға жоспарланғандығы жөнінде мәлімет берді.
Лагерьлерде екі апталық мәзір жасалады, оны нысан басшысы бекітеді. Мәзірде бір күн ішінде және келесі екі күнтізбелік күнде аттас тағамдардың, гарнирлердің немесе аспаздық өнімдердің қайталануы алынып тасталады. Нақты тамақтану және күнделікті мәзірді құру бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес қамтамасыз етіледі. Медицина қызметкері күн сайын дайын тағамдардың жарамдылығына тексеру жүргізеді.
Әрбір объектіде медициналық қамтамасыз ету көзделеді, медицина қызметкерлері сырқаттанушылықты азайтуға және балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын әзірлейді.
Сонымен қатар сыртқы лагерьлерге балаларыңызды жіберген кезде ата-аналарға мынадай кеңес ұсынамыз:
– күн өтуге және жарақат алуға жол бермеу үшін сөмкеге жылы күрте немесе куртка, шұлық, кепка немесе қалпақ, жабық аяқ киім (кеды) салу;
– жолға бөтелкедегі газдалмаған су түріндегі құрғақ рационды, печенье, май мен ірімшік қосылған бутербродтарды салу;
– тез бұзылатын өнімдерден, атап айтқанда ет, балық, сүзбе, кілегей қосылған торттар, тәтті газдалған сусындар, жидектер, бақша өнімдерінен тұратын «сарқыт» тамақтарды жолға салмау;
– лагерьге жіберген кезде жолға шығар алдында балада аурудың сыртқы белгілерінің бар-жоғын тексеру (термометрия, терінің өзгеруі), сондай-ақ баланың денсаулығына шағымдары бар-жоғын сұрау.
Г.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
27 мамыр 2024 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 587

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30