» » 2024 жылғы жаз маусымына дайындық

2024 жылғы жаз маусымына дайындық

Аудандағы балаларды сауықтыру ұйымдарының 2024 жылғы жаз маусымына дайындық барысы туралы
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында аудан көлеміндегі жалпы білім беретін 29 орта мектеп бар.  Осы 29 орта мектеп бойынша ағымдағы жылдың маусым айында мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерьлерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
«Қызылорда облысының білім басқармасының «Қармақшы ауданы бойынша  білім бөлімі, Басқармаға «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығының 78-ші тармағы басшылыққа алынып, 29 мектепте 1114 оқушы мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерьінде I – ауысымда 14 күн  қамтылатындығын, тамақтандыруды, лагерь уақыты түске дейінгі уақытта ұйымдастырылатындығы,  сыртьқы лагерьлерге 465 оқушы баруға жоспарланғандығы жөнінде мәлімет берді.   
Лагерьлерде екі апталық мәзір жасалады, оны нысан басшысы бекітеді. Мәзірде бір күн ішінде және келесі екі күнтізбелік күнде аттас тағамдардың, гарнирлердің немесе аспаздық өнімдердің қайталануы алынып тасталады. Нақты тамақтану және күнделікті мәзірді құру бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес қамтамасыз етіледі. Медицина қызметкері күн сайын дайын тағамдардың жарамдылығына тексеру жүргізеді.
Әрбір обьектіде медициналық қамтамасыз ету көзделеді, медицина қызметкерлері сырқаттанушылықты азайтуға және балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын әзірлейді.
Сонымен қатар сыртқы  лагерьлерге балаларынызды жіберген кезінде ата-аналарға мынадай кеңес ұсынамыз:
-күн өтуге және жарақат алуға жол бермеу үшін сөмкеге жылы күрте немесе куртка, шұлық, кепка немесе қалпақ, жабық аяқ киім(кеды) салу;
-жолға бөтелкедегі газдалмаған су түріндегі құрғақ рационды, печенье май мен ірімшік қосылған бутербродтарды салу;
-тез бұзылатын өнімдерден, атап айтқанда ет, балық,сүзбе,кілегей қосылған торттар, тәтті газдалған сусындар, жидектер, бақша өнімдерінен тұратын «сарқыт» тамақтарды жолға салмау;
-лагерьге жіберген кезде жолға шығар алдында балада аурудың сыртқы белгілерінің бар-жоғын тексеру(термометрия, терінің өзгеруі), сондай-ақ баланың денсаулығына шағымдары бар-жоғын сұрау.  
Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы 
             
15 мамыр 2024 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 275

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 372

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930