» » Бүгін аймақтағы 181 804 бала оқу жылын аяқтады

Бүгін аймақтағы 181 804 бала оқу жылын аяқтады


Биылғы оқу жылының аяқталуы шаралары бойынша Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі тарапынан білім беру ұйымдарындағы мектеп бітіру салтанаттарын өткізудің жаңа тұжырымдамасы бекітілді.

Сәйкесінше бүгін 9.00-ден бастап өңірдегі барлық орта білім ұйымдарының 1 - 10 сыныптары «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты мемлекеттік гимнмен басталды. Тәрбие сағаттарында балалардың жыл бойғы білім жетістіктері мен қоғамдық белсенділіктері сараланып, үздік шығып, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Сонымен қатар, Отанға деген құрметін арттыру мақсатында патриоттық тақырыпта шығармалар мен өлеңдер оқу, еліміздің тарихи-мәдени ескерткіштері мен Қазақтың батырлары туралы әңгіме аңыздардан үзінділер келтірілді.

Және осы күні «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында 9, 11 сынып түлектері эссе жазып, онда өзінің оқып шыққан мектебіне ыстық ықыластарын білдірді.

Сынып сағаттарында негізінен патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту сынды ақпараттар айтылды.

Айта кетейік, биылғы жылдан бастап енгізілген тұжырымдаманың негізгі мақсаты балаларды даңғазалықтан арылтып, ысырапшылдыққа жол бермеу.

©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

25 мамыр 2024 ж. 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 510

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930