» » Қызылорда облысындағы білім ұйымдарынан 11-сыныпты 8 240 түлек аяқтап, үлкен өмірге қадам басады

Қызылорда облысындағы білім ұйымдарынан 11-сыныпты 8 240 түлек аяқтап, үлкен өмірге қадам басады


2023-2024 оқу жылын 181 804 сырбойылық оқушы аяқтайды. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы хабарлады.

24 мамыр күні облыстың барлық мектептерінде 1-10 сынып оқушылары үшін “Білімім – Отаныма!” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Мұнда сынып жетекшілері білім алушылармен бірге оқу жылын қорытындылайды.

8 240 БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ҮШІН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА 25 МАМЫР КҮНІ “МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!” ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТЕДІ.

Сондай-ақ емтихандарды өткізу уақыты белгілі болды. 5-8, 10 сынып оқушылары үшін емтихандар 27 мамырда басталады. Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі, 27 - 31 мамыр аралығында 5 - 8 сыныптарда білім алатын 69 715, 10 сыныптардағы 10 130 барлығы 79 845 оқушы бірінші рет “Қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінен емтихан тапсыратын болады. Ал қорытынды бітіру емтихандары 9 сыныптағы 16 015 білім алушы үшін 2024 жылғы 29 мамыр – 10 маусым аралығында, 11 сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2024 жылғы 28 мамыр – 11 маусым аралығында өтеді.

Мұнымен қоса техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер үшін қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін жүргізіледі, ал диплом тапсыру рәсімі 28 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.

©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

16 мамыр 2024 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930